Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 660.

Қолданыстағы
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 U000507_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктiң Аэроғарыш комитетi";
      реттiк нөмiрi 4-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi";
      реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасының Электр және жылу энергиясын
     Энергетика және минералдық (жиынтық орнатылған жылу қуаты
     ресурстар министрлiгi 100 Гкал/сағаттан астам жылу
                                        энергиясы көздерiнен) өндiру, беру
                                        және тарату
                                       өнеркәсiптік жарылу-өртену қаупі

бар және тау-кен өндiрiстерiн, электр станцияларын, желiлерi мен кіші станцияларын, гидротехника құрылыстарын, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтін қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды пайдалану, мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары

                                       химия, бұрғылау, мұнай-газ

кәсiпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен - шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылудан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, аппаратура мен бақылау жүйелерiн, апаттан қорғану, дабыл мен көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау (өндiрiстi пайдалану кезеңiнде) және жөндеу

                                       электр энергиясын қайта сату

мақсатында сатып алу

                                       тұрғын-үй және коммуналдық-

тұрмыстық объектілердi газдандыру жөнiндегi өндiрiс және жөндеу жұмыстары

                                       минералдық шикiзатты қайта

өңдеу

                                       уларды өндiру, қайта өңдеу,

тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою";

     реттік нөмірі 7, 8, 9-жолдар алынып тасталсын;
     реттік нөмірі 6-жолдағы 3-бағанның екінші абзацы "монтажы" деген 
сөзден кейін "(өндірісті пайдалану кезеңіне дейін)" деген сөздермен 
толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.