Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Алматы жоғары әскери училищесінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 659.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2002 жылғы 27 ақпандағы N 815 U020815_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Мекеменiң штат санының лимитi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң штат санының лимитi шегiнде тұрақты құрамда - 1200 бiрлiк мөлшерiнде, ауыспалы құрамда - 1250 бiрлiк мөлшерiнде белгiленсiн.
      3. Мекеме қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте 009 "Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтажына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368  

P000368_

  
қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
     1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия).
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2002 жылғы 17 маусымдағы
                                                N 659 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
       "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Алматы жоғары 
             әскери училищесі" мемлекеттік мекемесі туралы 
                                 Ереже
                            1. Жалпы ереже


      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери училищесi (бұдан әрi - Әскери училище) жоғары және орта кәсiптiк әскери бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
      2. Әскери училище өз қызметiн Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентiнiң, Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Әскери училище мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi, мөртаңбасы мен белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоты болады.

     Әскери училище өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
     4. Әскери училище заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi 
мәселелер бойынша Әскери училище бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн 
шешiмдердi қабылдайды.
     5. Әскери училищенiң заңды мекен-жайы: 480094, Алматы қаласы, 
Красногорская көшесi, 35.
     6. Әскери училищенiң толық атауы:
     "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Алматы жоғары әскери 
училищесi" Мемлекеттiк мекемесi.
              2. Әскери училищенiң мақсаты, мiндеттерi
                           және функциялары


      7. Әскери училищенiң мақсаты жоғары және орта кәсiптiк әскери бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады.
      8. Әскери училищенiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн офицерлер - жоғары және орта әскери кәсiптiк бiлiмi бар бiлiктi мамандар даярлау, сондай-ақ оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      2) әскери құрылыс, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн нығайту және әскери бiлiм берудi жетiлдiру проблемаларын шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      3) тәрбие процесiн ұйымдастыру.
      9. Әскери училище үкiметаралық келiсiмдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң қарулы күштерi үшiн офицерлер даярлауды жүзеге асыра алады.
      10. Әскери училище курсанттарды тiзбесi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлетiн азаматтық мамандықтарға оқытуды бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарына сәйкес жүзеге асыра алады.
      11. Әскери училище Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бағынады.
      12. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Әскери училище мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жоғары және орта әскери кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын игеру үшiн жағдайлар жасайды;
      2) терең әскери-арнайы бiлiмдi, қатаң дағдылар мен ептiлiктi қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiптiк сапаны жасайды;
      3) патриотизм, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене даярлығы мүмкiндiктерiн дамытады, мықты адамгершiлiк негiздерiн, әскери этика, тәртiптiлiк пен ұйымдастырушылық нормаларын қалыптастырады.

                 3. Әскери училищенiң қызметiн ұйымдастыру

      13. Әскери училище:
      1) әскери оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелеріне сәйкес Әскери училищеге азаматтар қабылдау тәртiбiн белгiлейдi;
      2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының негiзiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие жұмысын жүзеге асырады;
      3) оқушыларды аралық аттестаттау нысандарын, тәртiбi мен кезеңдiлiгiн дербес таңдап алады.
      14. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады және заңнамада белгiленген тәртiппен Әскери училищеге қатысты мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң қажеттiлiктерiне сәйкес даярлау мамандықтарын және жыл сайынғы курсанттар қабылдау жоспарын белгiлейдi;
      2) Әскери училищеге берiлген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      15. Әскери училище қызметкерлерiнiң штатын жасақтау, еңбек ақы төлеу жағдайының тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Әскери училищеге тiкелей басшылық етудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi қызметке тағайындайтын және босататын Әскери училище бастығы жүзеге асырады.
      17. Әскери училищенiң бастығы дара басшылық ету қағидаттарында әрекет етедi және лауазымдық өкілеттiлiгiне сәйкес Әскери училище қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi.
      18. Басшылықты жүзеге асыру кезiнде Әскери училище бастығы мемлекет белгілеген тәртiппен:
      1) Әскери училищенiң мүддесiн барлық ұйымдарда бiлдiредi;
      2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес

шетелдiк ғалымдар мен мамандарды қоса алғанда, Әскери училищенiң уәкілетті 
орган тағайындағаннан басқа қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және 
жұмыстан босатады;
     4) Әскери училище қызметкерлерiне көтермелеу шаралары мен тәртiптік 
жазалар қолданады;
     5) өз орынбасарларының және Әскери училищенiң өзге де басшы 
қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерi аясын анықтайды;
     6) өзiне заңнамамен, осы Ережемен және уәкiлеттi органмен жүктелген 
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
                       4. Әскери училищенiң мүлкi
     19. Әскери училище негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан тұратын 
оқшауланған мүлiктi, сондай-ақ құны Әскери училищенiң теңгерімінде 
көрсетiлетiн өзге де мүлiктi жедел басқаруға құқылы.
     20. Әскери училище өзiне бекiтiлген мүлiк пен оған смета бойынша 
бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiгiнен 
оқшаулауға немесе өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқылы емес.
           5. Әскери училищенi қайта ұйымдастыру және тарату
     21. Әскери училищенi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.