"Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 657

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Kazakhstan Airlines" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Kazakhstan Airlines" ААҚ) тiркеу нөмiрi UN-B6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн республикалық меншiкке беру туралы ұсынысына келiсiм берілсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және

жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппенен:
     тiркеу нөмiрi UN-B6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн республикалық 
меншiкке қабылдасын;
     тiркеу нөмiрi UN-В6701 Boeing 767-200 ER әуе кемесiн Қазақстан 
Республикасының Президентi Іс Басқармасының (келiсiм бойынша) жедел 
басқаруына берсiн.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.