Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi еуропалық Z010193_ келiсiмге (ҚЖХЖТ) қатысушы елдердiң құзыреттi органдарымен практикалық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында оның талаптарын қолдануды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қауiптi жүктердiң халықаралық жол тасымалы туралы 1957 жылғы 30 қыркүйектегi еуропалық келiсiмдi (ҚЖХЖТ) қолдануға және автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру мәселелерi бойынша орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың (келiсiм бойынша) қызметiн үйлестiруге жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қабылданған
шешiм туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының
Хатшылығын хабардар етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.