Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 және 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусым N 644 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн: 
      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.  
      2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Комитеттiң басшы құрамының үлгi лауазымдары санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтарының тiзбесiнде:
      мәтінде "ішкі қызмет" деген сөздер "әділет" деген сөзбен ауыстырылсын.
       Ескерту. 2-тармақтың 2,3-абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.  
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі