1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" және "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құрылатын мемлекеттік мекемелердің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиті шегінде белгілесін.
4. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасын орналастыруға арналған үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
7. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 P011755_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 5-жолдағы "Алматы облысы" деген сөздің алдында "Алматы қаласы мен" деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 17-жолдағы "Алматы" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.