"Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 P980803_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, N 29, 255-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережелеріндегі:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.