1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен А 310-300 (сериялық нөмірлері 399 және 412 екі әуе кемесін Қоғамның жарғылық капиталына беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) қызметінің негізгі мәні авиациялық мүлікті сатып алу және лизингке беру деп белгілей отырып, Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын берсін;
4) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-28-жолмен толықтырылсын:
"21-28. "ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-13-жолмен толықтырылсын: "160-13. "ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ". 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.