Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 мамыр N 598

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  
      2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
       2-1. Көрсетiлген Ережеде айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерiне сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереже талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберудi қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  
      3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен: 
      2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 
      мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 
      2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн. 
      4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
      2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн. 
      6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51  өкiмiнде  көрсетiлген мемлекеттiк органдар: 
      дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.
      7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы          
Yкiметiнiң                 
2002 жылғы 30 мамырдағы          
N 598 қаулысымен             
бекiтiлген                 

  Ғылыми сараптама жүргiзу ережесi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.

       Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы  Заңына  сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында әзiрлендi.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  

  1. Жалпы қағидалар

      1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобалардың және заң жобалары тұжырымдамаларының мазмұнына қарай, тиiстi бейiндегi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар (бұдан әрi - Сарапшылар) жүргiзедi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  
      2. Заң жобалары бойынша тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және тағы басқа) заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға байланысты жүргiзiлуi тиiс.
      Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізiледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерiне сәйкес келетiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізiледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберу өлшемдерi мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттiк органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiне қатысты нормалардың болуы;
      2) рұқсат беру рәсiмдерiне қатысты нормалардың болуы;
      3) жеке және заңды тұлғаларға мiндеттер енгiзудi немесе қолданыстағы мiндеттердi өзгертудi көздейтiн нормалардың болуы;
      4) санкциялар салу, жауапкершiлiкке тарту, оларды беру жөнiндегi мемлекеттiк органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажыратуды көздейтiн нормалардың болуы.
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары өзге де қажеттi жағдайларда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргiзуге жiберiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , 2005.11.03. N  1096 , 2007.03.20. N  217   қаулыларымен.
      3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзудi ұйымдастыру әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледi.
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми және криминологиялық сараптамалар жүргiзуге жiберудi ғылыми құқықтық сараптама жүргiзген сарапшының немесе келiсушi мемлекеттiк органдардың ұсынымдары бойынша да Сараптаманы ұйымдастырушылар жүзеге асыруы мүмкiн.
      Заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргiзуге жiберудi Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысына материалдар дайындау барысында, оның отырыстарының нәтижелерi бойынша, жоспарлы және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру кезiнде, сондай-ақ заң жобаларын жедел әзiрлеу қажеттiгi жағдайында Әдiлет министрлiгi де жүзеге асыруы мүмкiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898  қаулысымен.  

  2. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.   

      5. Заң жобаларына ғылыми сараптаманың негiзгi мiндеттерi: 
      1) заң жобасын қабылдаудың сапасын, негiздiлiгiн және уақтылылығын бағалау; 
      2) заң жобасының Қазақстан Республикасының  Конституциясына , жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкестiгiн тексеру; 
      3) заң жобасын қабылдаудың әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми- техникалық, экологиялық және өзге де салдарларын бағалау; 
      4) заң жобасының мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау; 
      5) заң жобасы қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасау үшiн жағдайлар пайда болуын айқындау;
      6) осы заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгiн анықтау;
      7) заң жобасы нормаларының ғылыми пысықталуының сипаттамасы, заңнамалық базаны жақсарту жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу;
      8) құқықтың тиiстi саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
      9) заң жобасында қамтамасыз етiлетiн айқын немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүдденi анықтау;
      10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      5-1. Заң жобаларының ғылыми криминологиялық сараптамасы мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
      1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
      2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
      3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
      4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
      5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi шараларға қатысты салдарлары;
      6)  алынып тасталды
      7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
      8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
      9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
      10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
      11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
      12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгiзу;
      13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
      14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , өзгерту енгізілді - 2007.03.20. N  217  қаулыларымен.
       5-2. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететiн нормаларды анықтау;
      2) нормативтiк құқықтық актiнiң қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергi келтiретiн нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзiрлеу;
      4) нормативтiк құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау ықтималдығы бөлiгiнде жалпы бағалау;
      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң ықтимал тиiмдiлiгін айқындау.
       Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      5-3. Заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми құқықтық сараптаманың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) заң жобасын қабылдаудың негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттiгiнiң жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негiзделген дәлелдемелер әзiрлеу;
      2) заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      3) заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық салдарларын бағалау;
      4) заң жобасы тұжырымдамаларының құқықтың негiз қалаушы қағидаттарына сәйкестiгiн айқындау;
      5) тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуi мәнiн бағалау;
      6) тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының  61-бабының  3-тармағына сәйкестiгi мәнiн бағалау;
      7) халықаралық тәжiрибенi анықтау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкiндiгiн бағалау;
      8) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды;
      9) заң жобасы қабылданған жағдайда қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiгiн анықтау;
      10) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де мәселелерге жауаптар алу.
       Ескерту. 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.

           3. Ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар.
      Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары

      6. Сарапшылар ретiнде жобаны және заң жобаларының тұжырымдамаларын дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      7. Сарапшылар ретiнде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
      Жоба және заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      8. Сарапшының жоғары бiлiмi және ғылыми сараптамасының белгiлi бiр түрi саласында арнаулы ғылыми бiлiмi және (немесе) ғылыми дәрежесi болуы тиiс.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898  қаулысымен.
      9. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды iрiктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      10. Ғылыми сараптама жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен сарапшы арасында жасасылған азаматтық-құқықтық шартта немесе еңбек шартында белгiленедi.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898  қаулысымен.
       10-1 Ғылыми сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
      заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн;
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн.
      Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк тiркеуге жататын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне енгiзгенге дейiн жүргiзiледi.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , өзгерту енгізілді - 2007.03.20. N  217  қаулыларымен.

  4. Ғылыми сараптамалардың әр түрлiлiгi  

      11. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша кешендi, дербес, комиссиялық, қайталама және қосымша ғылыми сараптамалар жүргiзiлуi мүмкiн.
      Кешендi ғылыми сараптама заң жобасының тұжырымдамалары бiлiмнiң түрлi салалары негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
      Дербес сараптама нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын бiлiмнiң бiр саласы негiзiнде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргiзiледi.
      Комиссиялық сараптаманы бiр мамандық сарапшыларының комиссиясы жүргiзедi.
      Қайталама ғылыми сараптама осы мәселелер бойынша алдыңғы сараптама нәтижелерi жөнiндегi сарапшы қорытындысы жеткiлiктi негiзделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда жүргiзiледi.
      Қосымша ғылыми сараптама нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына оны пысықтау нәтижесiнде тұжырымды өзгерiстер енгiзiлген жағдайда жүргiзiледi.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  

  5. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру

      12. Ғылыми сараптама жүргiзудi қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.     

  6. Ғылыми сараптама жүргiзу үшiн ұсынылатын құжаттар

     13. Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық акт жобасының көшiрмесiмен бiрге сарапшыға мынадай құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады:
     нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазба (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде); 
     нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына салыстырмалы кесте, қолданыстағы заңнамаға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемелерiмен өзгерiстер мен толықтырулар туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде). 
     зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер; 
     Сарапшының сұратуы бойынша Сараптаманы ұйымдастырушы сол сияқты нормативтiк құқықтық актiнiң жобасында және заң жобасының тұжырымдамасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге материалдарды да ұсынуы мүмкiн.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , 2006.02.14.  N 99 , 2007.03.20. N  217  қаулыларымен.  
     14. <*>
      Ескерту. 14-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898  қаулысымен.        

  7. Ғылыми сараптама жүргiзу мерзiмдерi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.

     15. Ғылыми сараптама нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды сарапшыға ұсынған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi тиiс.
     Қажет болған ретте ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзiмi Сараптаманы ұйымдастырушының келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте сарапшыға мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , 2007.03.20. N  217  қаулыларымен.  
      15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша  нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.  
      Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.04. N  898 , өзгерту енгізілді - 2007.03.20. N  217  қаулыларымен.

  8. Сарапшы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.

      16. Сарапшы:
      ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, соның iшiнде сарапшылық жұмыс жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша да барлық ақпаратты алады; 
      орындаған жұмысы үшiн сыйақы алады; 
      Сараптаманы ұйымдастырушының келiсiмi бойынша өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыретi шегiндегi өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді; 
      ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезiнде оның орындалуына, егер шартта өзгесi көзделмесе, үшiншi тұлғаларды тартуы мүмкiн.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      17. Сарапшы: 
      Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық қорытынды бередi; 
      өз күшiмен, өз есебiнен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде ғылыми сараптама жүргiзу барысында өз кiнәсiнен жiберiлген кемшiлiктердi жояды; 
      Сараптаманы ұйымдастырушыға күтiлген нәтижелердi алу мүмкiн болмайтынын анықтағаны немесе одан әрi ғылыми сараптама жүргiзудiң орынсыздығы туралы дереу хабарлайды; 
      Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргiзу барысында шеккен шығыстары туралы есеп бередi; 
      ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсіне қатысты мәлiметтердiң, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерiнiң жасырын болуын қамтамасыз етедi; 
      шартта белгiленген өзге де мiндеттердi алады.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.   

  9. Сараптамалық қорытынды 

      18. Жүргiзiлген ғылыми сараптама нәтижелерi бойынша ғылыми сараптама жүргiзудiң мәнiсi жөнiнде сарапшылардың уәждi, ғылыми негiзделген, шынайы және толық тұжырымы болуы тиiс сараптамалық қорытынды жасалады. 
      Сараптаманы ұйымдастырушыда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиiстi түсiндiрмелер беруi үшiн сарапшыға жүгiне алады не оған Сараптаманы ұйымдастырушы белгiлеген мерзiмде қайталама ғылыми сараптама жүргiзудi мiндеттей алады.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      19. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргiзген ұйымның фирмалық бланкiсiнде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы жеке тұлға жүргiзген жағдайда, қорытындыда оның аты-жөнi және оның құзыретiн көрсететiн деректер көрсетiледi.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      20. Нормативтiк құқықтық акт жобасының ғылыми сараптамасының қорытындысында мыналар көрсетiлуi тиiс:
      ғылыми сараптама жүргiзген ұйым немесе адам;
      ғылыми сараптама жүргiзiлген ғылым саласы;
      Сараптаманы ұйымдастырушы;
      ғылыми сараптаманың мәнiсi мен мақсаттары, сарапшы алдына қойылған сұрақтар;
      нормативтiк құқықтық акт жобасының атауы;
      нормативтiк құқықтық акт жобасының арналуы;
      нормативтiк құқықтық акт жобасының құрылымы;
      қойылған сұрақтарға негiзделген және толық жауаптар.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
       20-1. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетiлуге тиiс:
      ғылыми құқықтық сараптаманы жүргiзген ұйым немесе тұлға;
      Сараптаманы ұйымдастырушы;
      ғылыми құқықтық сараптаманың мәнi мен мақсаттары, сарапшының алдына қойылған мәселелер;
      заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
      қойылған мәселелерге негiзделген және толық жауаптар.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.
      21. Ғылыми сараптамаға бiрнеше нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда сарапшы ғылыми сараптама жүргiзедi және нормативтiк құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша қорытынды жасайды.
       Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.  
      22. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргiзушi ұйымның бiрiншi басшысы немесе ғылыми сараптама жүргiзген жеке тұлға қол қояды. 
      23. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтiк құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде Сараптаманы ұйымдастырушы оларды құзыретiне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелердi қарау кiретiн мемлекеттiк органдарға пысықтау және тиiстi ұстанымды қалыптастыру үшiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасымен бiр мезгiлде жiбередi.
      Ғылыми сараптама терiс қорытынды берген кезде, Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық акт жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды.
      Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мен оған берiлген сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына енгiзген кезде Сараптаманы ұйымдастырушы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерiнiң уәждi негiздемесiн беруi тиiс.
       Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N  217  қаулысымен.