Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 мамыр N 580.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 P010880_ қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың және жекешелендiрудiң тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2001 жылға арналған iс-шаралар жоспарының 1.4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 P980246_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) мәтiндегi "департаментi", "департаментiмен" деген сөздер "комитетi", "комитетiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-тармақтағы "мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң" деген сөздер "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-тармақтағы "мекемелерге және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне" деген сөздер "мемлекеттiк мекемелерге және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
      тақырыптағы және мәтiндегi "мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң", "мекемелер және мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серіктестіктері", "мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерi", "мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн", "мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiне", "мемлекеттiк үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың", "мемлекеттiк мекемелер және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар", "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар", "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды", "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға" "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "департаментi" деген сөз "комитетi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "комитетi" деген сөзден кейiн "(бұдан әрi - Комитет)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "бастапқы" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы ақпаратты мемлекеттiк органдарға тоқсан сайын бередi;";
      5-1-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекетке тиесiлi немесе мемлекеттiң оларға қатысты мүлiктiк құқықтары бар бағалы қағаздарды атаулы ұстау;";
      "ІІ. Тiзiлiмнiң деректерiн толтырудың тәртiбi" деген бөлiм алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "12-1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Комитет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Тiзiлiмнiң негiзгi кiшi бөлiмiн дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi 2-қосымшада көрсетiлген көрсеткiштерге сәйкес тiзiлiм ұстаушыға ұсынуы тиiс.
      12-2. Министрлiктер, ведомстволар, басқа да уәкiлеттi органдар және өзге де мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмдерiн айқындау құқығы бар заңды тұлғалар тапсырысшы белгiлеген нысандар бойынша және мерзiмдерде Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және дүркiн-дүркiн жаңарту үшiн деректердi ұсынуы тиiс.";
      14-тармақтың үшiншi абзацындағы "қажеттi" деген сөздiң алдынан "Тiзiлiмге" деген сөзбен толықтырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға жарғылық капиталының мөлшерi өзгерген кезде тiркеушi органға жоғарыда көрсетiлген тәртiппен тiзiлiм ұстаушы растаған өтiнiш берiледi.";
      16, 18, 21-тармақтардағы "10 күннiң" деген сөздер "5 жұмыс күнiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақтағы "орындалуының" деген сөзден кейiн "не орындалмауының" деген сөздермен толықтырылсын;
      19, 20-тармақтардағы "(акционерлiк қоғамдардан басқа)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "21-1. Өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шеңберiнде банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiне, сондай-ақ дәрменсiз борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмiнде бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар таратылған жағдайда, тарату туралы шешiм заңды күшiне енген күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде тiзiлiм ұстаушыға тарату рәсiмiнiң басталғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
      21-2. Тiзiлiм үшiн ақпарат ұсынатын министрлiктер, ведомстволар мен басқа да уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) олардың өзгергендiгi туралы ақпарат алған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмге енгiзiлген көрсеткiштердiң кез келген өзгерiсi туралы тiзiлiм ұстаушыға жазбаша хабарлауға мiндеттi.";
      24-тармақтағы "Тiзiлiмге ақпарат ұсынушы мемлекеттiк және басқа да уәкiлеттi органдардың" деген сөздер "уәкiлеттi органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-бөлiммен және 28-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Тізілім деректерiнiң өзектiлiгін және толықтығын бақылау
      28. Уәкiлеттi органдар тiзiлiм ұстаушының жазбаша сұрауы бойынша Тiзiлiмнiң негiзгi және қосымша кiшi бөлiмдерiнiң көрсеткiштерiн өзектi ету және нақтылау үшiн сұралатын деректердi ақысыз ұсынуға мiндеттi.
      Тiзiлiм ұстаушы Тiзiлiм деректерiнде анықталған алшақтықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлайды, ол ақпарат алған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде деректердi нақтылауға және оларды тiзiлiм ұстаушыға беруге мiндеттi.";
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      тақырыптағы "мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi" деген сөздер "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
      тақырыптағы "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi тiзiлiмiнiң базалық бөлiгiн қалыптастыру" деген сөздер "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Статистика және талдау жөнiндегi комитет" деген сөздер "Статистика жөнiндегi агенттiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" деген сөздер Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Кәсiпорындарды қайта құру және тарату жөнiндегi агенттiк АҚ" деген сөздер "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ҚазақстанРеспубликасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң қатысуымен өздерiнiң бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесімдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Мамандар:
      Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.