1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін
салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату жөніндегі мамандандырылған аукцион (бұдан әрі - аукцион) - салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін (бұдан әрі - мүлік) салық берешегі есебіне сату жөніндегі конкурстық сауда-саттық.
3. Аукционды ұйымдастырушы - мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес салық қызметінің органы өткізген мамандандырылған аукцион өткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған жеке не заңды тұлға.
4. Сатушы - мүлкі салық берешегі есебіне билік етуі шектелген және аукционда сатуға жататын салық төлеуші.
5. Аукционға қатысушы - аукционға қойылған мүлікті сатып алуға тілек білдірген және белгіленген тәртіппен тіркелген кез келген жеке немесе заңды тұлға, оның ішінде сатушы.
2. Аукцион өткізуге дайындық тәртібі
6. Салық қызметінің органы мемлекеттік сатып алудың хаттамасы негізінде аукцион ұйымдастырушымен мүлікті сату туралы шарт жасасады.
7. Мүлікті сатуға дайындау жөніндегі аукцион ұйымдастырушы қабылдайтын шаралар мыналарды өзіне қамтиды:
1) салық қызметі органынан мүлік тізімдемесінің актілері мен салық төлеушінің мүлікке билік етуіне шектеу қою туралы шешімдердің көшірмелерін алады;
2) сатушыдан мүлік және (немесе) мүлікке құқық белгілейтін құжат алады;
3) сауда-саттыққа лотты, оның ішінде өндірістің бірыңғай технологиялық желілерін сақтауды есепке ала отырып қою тәртібін айқындайды;
4) әр лот бойынша мәліметі бар ақпараттық хабарлама (аукцион мәні, бастапқы бағасы, аукцион орны және уақыты) жасайды және оны өткізудің мәлімделген күніне дейін оны он жұмыс күнінен кешіктірмей ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;
5) сатушыны немесе оның заңды не уәкілетті өкілін және салық қызметінің органын аукцион өткізу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;
6) осы Ережеден туындайтын өзге де шарттарды орындайды.
8. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкі құрамына кіретін бағалы қағаздарды сату бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
9. Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарламаны жариялаған күнінен бастап жүргізіледі және аукцион өткізетін күнге дейін бір күн бұрын аяқталады.
3. Аукционға қатысудың шарттары
10. Аукционға қатысушы аукционға қатысу үшін осы Ереженің 11-тармағында белгіленген кепілдік жарнаның сомасын енгізуі және өзінің қатысуын аукционды ұйымдастырушы жүргізетін өтінімдерді тіркейтін арнайы кітапта тіркеуі тиіс. Аукционға қатысушы қатысуды тіркеу үшін мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) қатысушының жеке басын растайтын құжаттар;
2) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
3) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжаттар;
4) заңнамада белгіленген жағдайларда үшінші тұлғаның атынан осы
аукционға қатысу құқығын растайтын құжаттар. 11. Кепілдік жарнаның мөлшерін аукционды ұйымдастырушы белгілейді және ол лоттың бастапқы бағасының 10%-нан аспайды. Бұл ретте, салық берешегі есебіне салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкі тізімдемесінің актісінде белгіленген баға бастапқы баға болып есептеледі. Аукционға қатысушы кепілдік жарнаны аукцион ұйымдастырушының арнайы шотына енгізеді. 12. Кепілдік жарнаны енгізу сауда-саттықтағы жеңімпаздың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз етеді: 1) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою; 2) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу. 13. Егер аукционның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы, сатып алу-сату шартын жасасу күні, уақыты және орны туралы хабардар етілген сатушы немесе оның заңды не уәкілетті өкілі аукционға келмесе, онда аукцион оның қатысуынсыз өткізіледі, ал сатып алу-сату шартын оның атынан аукционды ұйымдастырушы жасайды. 4. Аукцион өткізудің тәртібі 14. Аукционға сатушы не оның заңды немесе уәкілетті өкілі, салық қызметі органының өкілі қатыса алады. 15. Аукционды ұйымдастырушы аукционға қатысушылар үшін мынадай мәліметтерден тұратын билеттер дайындайды: 1) аукционға қатысушы сауда-саттыққа қатысатын нөмір; 2) аукционға қатысушы қатысатын сауда-саттықтағы лоттың нөмірі; 3) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын құжаттың деректемелері. 16. Егер аукционға қатысушылардың кемінде екеуі қатысса, аукцион өтті деп саналады.
17. Әр лот бойынша аукцион лоттың құрамына кіретін мүліктің атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы құнын және бағаның өзгеру қадамын жариялаудан басталады. Аукционды ұйымдастырушы сауда-саттық процесінде бұл туралы хабарлай отырып, қадамды алмастыруға құқылы. Өзгеру қадамы лот бағасының 2-ден 10%-ға дейінгі шегінде белгіленеді.
18. Аукционды ұйымдастырушы лоттың бастапқы бағасын хабарлаған кезде аукционға қатысушылар нөмірді көтеру арқылы хабарланған лот бойынша аукционға қатысу туралы өзінің ниетін растайды. Бұл ретте қатысушының аукционда өзінің ниетін растамауы оның аукционға одан әрі қатысуын болдырмайды.
19. Аукционды ұйымдастырушы бастапқы бағаны кемінде жарияланған қадамға көтереді. Аукционды ұйымдастырушы аукционға қатысушылардың, лот бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірлерін хабарлайды, бағасын бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейін жүреді.
20. Лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
21. Аукционды ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғаны ұру арқылы лоттың құрамына кіретін мүліктің сатылғандығы туралы хабарлайды.
22. Егер бастапқы бағаны жарияланғаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы осындай немесе неғұрлым жоғары бағаны ұсынбаса, онда баға төмендетілуі мүмкін, бірақ бір қадамнан көп емес. Егер мұндай төмендетуді хабарлағаннан кейін осы лот бойынша қатысушының көтерген нөмірі болмаса, онда ол бойынша аукцион тоқтатылады. Мүлік аукционнан алынады және аукционды ұйымдастырушы мен салық төлеуші арасында келісілген бастапқы бағаны өзгерте отырып, аукционға қайта шығарылуы мүмкін.
5. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы
хаттаманы ресімдеудің тәртібі
23. Мүлікті сатқан кезде сауда-саттықтың жеңімпазы, сатушы және аукционды ұйымдастырушы арасында сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылады.
24. Хаттамада сатып алушы және сатушы, мүліктің атауы, мүліктің бастапқы бағасы мен сату бағасы, оның ішінде кепілдік жарна туралы, сондай-ақ сатып алу-сату шартына қол қою жөніндегі тараптардың міндеттемелері туралы мәліметтер көрсетіледі.
25. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі жеңімпазға табыс етіледі және сатып алу-сату шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
6. Кепілдік жарнаны қайтарудың тәртібі
26. Аукционды ұйымдастырушы аукционда ұтпаған қатысушының кепілдік жарнасын аукцион аяқталғаннан кейін екі банктік күннің ішінде қайтарады.
Жеңімпаздың кепілдік жарнасы оның сатып алған мүлкі үшін төлеуге тиісті сомада есептеледі. Бұл ретте, аукционды ұйымдастырушы аукцион өткізілгеннен кейін екі банктік күн ішінде жеңімпаздың кепілдік жарнасын салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне бюджетке кейіннен аудару арқылы сатушының банктік шотына аударуға міндетті.
27. Жеңімпаздың кепілдік жарнасы ол осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан немесе сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды. Бұл ретте, аукционды ұйымдастырушы аукцион өткізілгеннен кейін екі банктік күн ішінде осы кепілдік жарнаны арнайы бюджеттік шотқа есепке алу үшін банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банкке немесе ұйымға енгізеді.
7. Сатып алу-сату шартын жасасудың тәртібі
28. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жеңімпаз аукцион өткізілгеннен кейін екі жұмыс күнінің ішінде сатушымен жазбаша нысанда мүлікті сатып алу-сату шартын жасасады және шарт жасасқаннан кейін екі банктік күннің ішінде сатып алынған мүліктің тиесілі сомасын салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне бюджетке кейіннен аудару үшін сатушының банктік шотына аударады.
29. Егер сатып алушы аукцион өткізілгеннен кейін екі банктік күннің ішінде осы мүлік үшін тиесілі соманы енгізбесе, онда жасалған сатып алу-сату шарты бұзылады, сатып алушы аукционға қатысушы есебінен шығарылады және сатып алушы енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтаруға жатпайды.
30. Осы мүлік бойынша сатып алу-сату шарты жасалмаған жағдайда аукционды ұйымдастырушы келесі күннен кешіктірмей мүлікті бағасы соңғының алдында (неғұрлым жоғары) болған сауда-саттықтың басқа қатысушысына ұсынады. Соңғысы сатып алуға келісім берген кезде осы Ереженің 23-25-тармақтарына сәйкес бір жұмыс күнінің ішінде хаттамаға қол қойылады. Хаттаманың негізінде аукционға осы қатысушы екі жұмыс күні ішінде тиісті сатып алу-сату шартын жасайды және екі банктік күннің ішінде мүліктің толық құнын төлеуді жүргізеді.
31. Сатып алу-сату шартында шарттың мән-жайы, салық төлеушінің билік
ету мүлкін салық берешегінің есебіне шектеу туралы салық қызметінің органы шешімінің күні мен нөмірі, сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың күні мен нөмірі, тараптардың мүлік үшін құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, мүлік сатып алу үшін бюджетке төленген сома мен шарттың басқа да шарттары көрсетіледі. 8. Мүлікті аукционнан алу жөніндегі айрықша шарттар 32. Мүлікті аукционнан алу салық төлеуші салық берешегін аукцион өткізген күнге дейін өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін. Аукционды ұйымдастырушы мүлікті аукционнан алу туралы қатысушыларды хабардар етеді. 33. Салық қызметінің органы бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық берешегінің сомасын сатушы өтегеннен кейін салық төлеушінің билік ету мүлкін шектеу туралы шешімді жоққа шығарады. 9. Салық берешегінің артық төленген сомасын қайтару 34. Салық төлеушінің сатқан мүлкі бойынша артық төленген сома пайда болған жағдайда, салық берешегі мен сатылған мүлік сомасының арасындағы айырмашылық "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы K010209_ Кодексінің 39-40-баптарына сәйкес салық төлеушіге қайтарылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Заңды тұлға - салық төлеушінің салық, сондай-ақ алым және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуі шектелген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 P950952_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-құжат).
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мерзімінде төлемеген салық төлеушінің мүлікке иелік етуді шектеу туралы шешім шығару тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 шілдедегі N 1041 P951041_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 307-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 17 қазандағы N 1278 P961278_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 42, 400-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 және 1995 жылғы 31 шілдедегі N 1041 қаулыларына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 наурыздағы N 333 P960333_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 12, 96-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 маусымдағы N 741 P990741_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 253-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 шілдедегі N 1041 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 маусымдағы N 773 P990773_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 28, 263-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12
шілдедегі N 952 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2029 P992029_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 17-құжат). 8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 және 2000 жылғы 12 ақпандағы N 217 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 424 P000424_ қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.