1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 P981137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы
қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде: 5 және 34-тармақтардағы "тиісті бюджеттің кірісіне" деген сөздер "тиісті бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 P000942_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 317-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесінде: 61-тармақтағы "республикалық бюджеттің кірісіне" деген сөздер "республикалық бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.