Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 22 мамыр N 550

Қолданыстағы
      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Z010225_ Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
      2) қызметін "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қызметін "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жарғыларына, сондай-ақ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" және "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемелерінің жарғыларына тиісті өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етсін;
      2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне жалдау төлемін алмай мемлекеттік ғылыми ұйымдарды орналастыру үшін мынадай: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимараттар кешенін берсін;
      3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық

мемлекеттік мекемесі үшін 5 бірлік санында қызметтік автомобильдерге лимит 
белгіленсін.
     3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және 
жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды 
қабылдасын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2002 жылғы 22 мамырдағы
                                               N 550 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
           "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы"
              республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
     
                        1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі - Ғылым академиясы) - Ғылым академиясының толық мүшелерін (академиктерді), мүше-корреспонденттерін және Қазақстанның ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме.
      2. Ғылым академиясы басқару, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Президенті тұлғасында мемлекет Ғылым академиясының құрылтайшысы болып табылады.
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) Ғылым академиясын мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
      5. Ғылым академиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, уәкілетті органның кесімдеріне сәйкес және осы Жарғының негізінде жүзеге асырады.
      6. Ғылым академиясының толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Национальная академия наук Республики Казахстан".
      7. Ғылым академиясының орналасқан жері: 480100, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

                 2. Ғылым академиясының заңдық мәртебесі

      8. Ғылым академиясы мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
      9. Ғылым академиясының заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тіліндегі өз атауымен бланкілері, мөрлері мен мөртаңбалары болады.
      10. Ғылым академиясына белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікті

иелену, пайдалану, билік ету құқығы берілген жағдайды қоспағанда, Ғылым 
академиясы басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, 
оны құра алмайды.
     11. Ғылым академиясы өз міндеттемелері бойынша оның қарамағындағы 
ақшамен жауап береді. Ғылым академиясының ақша жетпеген жағдайда, оның 
міндеттемелері бойынша Үкімет жауап береді.
     Ғылым академиясының шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі 
заңнамаға сәйкес оны ұстауға арналып бекітілген смета шегінде туындайды.
     12. Ғылым академиясы жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуі тиіс.
     
       3. Ғылым академиясының мақсаты және қызметінің түрлері
     
     13. Ғылым академиясының мақсаты және қызметінің негізгі бағыттары:
     1) ғылыми-зерттеу қызметі;
     2) Қазақстан Республикасы ғылымының жай-күйін талдау және оның дамуын 
болжау;
     3) ғылымды дамыту мен ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттарын 
айқындау;
     4) ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету;
     5) ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және олардың 
орындалуын үйлестіру;


      6) өз құзыреті шегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытуға көмек көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мақсаттар болып табылады.
      14. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Ғылым академиясы заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша іргелі ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми ұйымдардың (бұдан әрі - ғылыми ұйымдар) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіру, соның ішінде:
      ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жоспарларын бекітеді, ғылыми ұйымдар жүргізген, аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдауды жүргізеді және оларды уәкілетті органға ұсынады;
      ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және осы есептер бойынша қорытындылары мен ұсынымдарын уәкілетті органға ұсынады;
      заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін сарапшылар ретінде Ғылым академиясы мүшелерін, ғылыми ұйымдардың қызметкерлерін және басқа да адамдарды тартады;
      ғылыми ұйымдардың штат кестесін, осы ұйымдардың жарғыларын, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;
      ғылыми ұйымдардың кірістері мен еңбекақы қорын бөлу тәртібін келіседі;
      ғылыми ұйымдардың бірінші басшыларын қызметіне тағайындауға және қызметінен босатуға уәкілетті органға ұсынымдар береді, олардың орынбасарларын қызметіне тағайындауға және қызметінен босатуға келіседі, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың бірінші басшыларының жеке еңбек шарттарының қағидаларын келіседі;
      2) іргелі ғылыми зерттеулер бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
      3) ғылым саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді келісуі;
      4) іргелі ғылыми зерттеулер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру сомасын белгілеу үшін оның қаржылық негіздемесін уәкілетті органға ұсыну;
      5) іргелі ғылыми зерттеулер саласындағы басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірге пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыру, ғылыми зерттеу қызметін үйлестіру;
      6) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени және рухани дамуы стратегиясын әзірлеу мен ғылыми негіздеуге қатысу;
      7) ғылым, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
      8) ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын әзірлеуге қатысу;
      9) ғылыми ұйымдармен, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындармен тікелей байланыстар орнату және зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету, өнертапқыштықты дамыту үшін жағдай туғызу;
      10) бірлестіктер мен қауымдастықтарға ену, бірлескен жобаларды іске асыру және халықаралық ғылыми орталықтар мен ұйымдарда тағлымдамалар, симпозиумдар мен семинарлар, сондай-ақ конференциялар мен өзге де іс-шаралар өткізу жолымен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      11) ғылым жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру, ғылыми

журналдарды, еңбектерді басып шығару және жұртшылықпен байланыс орнатуға 
әрі қолдауға бағытталған акцияларды жүзеге асыруды қамтитын ақпараттық 
қызметті жүзеге асыру;
     12) заңнамаға сәйкес ғылым бағыттары бойынша ғылымдар бөлімшелерін, 
соның ішінде толық мүшелерін (академиктерді), мүше-корреспонденттерін және 
Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдарын біріктіретін аймақтық 
бөлімшелерін құру;
     13) Ғылым академиясының жалпы жиналысын ұйымдастыру, шақыру әрі 
өткізу;
     14) Ғылым академиясы мүшелерін сайлауды өткізу;
     15) ғылыми және ғылыми-сараптамалық кеңестердің, ғылыми 
комиссиялардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
     16) Ғылым академиясының ғылыми кеңестері мен қоғамдарында Қазақстан 
Республикасының ғалымдарын біріктіру;
     17) ғылыми кадрларды даярлау мен қайта даярлау, диссертациялық 
кеңестерді қалыптастыру мен олардың қызметін бағалауға қатысу;
     18) аса көрнекті ғылыми еңбектер, ашылымдар мен жасалымдар үшін аса 
көрнекті ғалымдар атында сыйлықтар тағайындау туралы мәселелерді дайындау 
және уәкілетті органмен келісу;
     19) Ғылым академиясы басылымдарын шығару жоспарларын және Ғылым 
академиясының ғылыми конференцияларын өткізу жоспарларын бекіту;
     20) ғылыми-техникалық саладағы инновациялық қызметті дамытуға 
жәрдемдесу;
     21) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де 
қызметті жүзеге асыру.
     15. Ғылым академиясының Ғылым академиясын құру мақсаттарына сай 
келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
     
                 4. Ғылым академиясын басқару
     
     16. Ғылым академиясын жалпы басқару мен оның қызметін үйлестіруді 
уәкілетті орган жүзеге асырады.
     17. Уәкілетті орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
     1) Ғылым академиясына мүлкін бекітеді;
     2) Ғылым академиясын ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) 
бекітеді;


      3) Ғылым академиясына берілген қаржылық қаражат пен мүліктің тиімді пайдаланылуы мен оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      4) жылдық қаржы есебін бекітеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасының Президенті Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, қызметіне тағайындайтын және қызметінен босататын Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының атқарушы басқару органы болып табылады.
      19. Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Ғылым академиясына жүктелген міндеттер мен оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.
      20. Ғылым академиясының Президенті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген оның құзыретіне және осы Жарғыға сәйкес айқындалатын дара басшылық қағидатын алқалылықпен ұштастырып әрекет етеді. Ғылым академиясы Президентінің Ғылым академиясы Төралқасымен (бұдан әрі - Төралқа) келісім бойынша Ғылым академиясының Президенті тағайындайтын үш вице-президенті болады.
      21. Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысы Ғылым академиясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
      22. Ғылым академиясында Төралқа құрылады. Ғылым академиясының Президенті Төралқаның төрағасы болып табылады. Төралқаның мүшелерін Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясы мүшелері Жалпы жиналысының пікірін ескере отырып, Ғылым академиясы мүшелерінің және жетекші ғалымдардың ішінен тағайындайды.
      23. Ғылым академиясының Президенті Ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Ғылым академиясының атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
      2) оның мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен және шегінде Ғылым академиясына бекітілген мүлікке билік етеді;
      4) Бас ғылым-хатшыны тағайындайды;
      5) Ғылым академиясы тиісті бөлімшесі жалпы жиналысының пікірін ескере

отырып, Төралқа мүшелерінің ішінен академик-хатшыларды тағайындайды;
     6) Ғылым академиясының құрылымы мен штат кестесін белгіленген саны 
мен берілген қаражат шегінде бекітеді;
     7) Ғылым академиясының басылымдарын шығару жоспарларын бекітеді;
     8) Ғылым академиясының мерзімдік ғылыми журналдарының, ғылыми 
басылымдарының редакциялық алқаларын бекітеді;
     9) шарттар жасасады;
     10) сенімхаттар береді;
     11) Ғылым академиясының іссапарлар, тағлымдамалар, қазақстандық және 
шетелдік оқу және ғылыми орталықтарында қызметкерлерді оқытудың және өзге 
де түрде біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
     12) банк шоттарын ашады;
     13) Ғылым академиясының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар 
шығарады және нұсқаулар береді;
     14) Ғылым академиясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және 
жұмыстан босатады;
     15) Ғылым академиясының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын 
қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
     16) Ғылым академиясы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік 
шеңберін айқындайды;
     17) заңнамада және осы жарғыда оған жүктелген өзге де функцияларды 
жүзеге асырады.


      24. Ғылым академиясының бөлімшесі Ғылым академиясының ғылымның аса маңызды бағыттарын үйлестіретін әрі негізгі ғылыми-ұйымдастырушылық бөлімшесі болып табылады.
      25. Ғылым бөлімшесін Бөлімшенің тиісті бейініндегі іргелі зерттеулердің жай-күйі мен деңгейі үшін жеке жауап беретін Бөлімшенің академик-хатшысы басқарады.
      26. Бөлімшенің академик-хатшысы:
      1) Бөлімшенің қызметіне басшылық жасайды, Бөлімшенің жалпы жиналысы мен Ғылым академиясы Төралқасы алдында іргелі зерттеулердің жай-күйі мен деңгейі үшін жеке жауап береді;
      2) Бөлімшенің мүдделерін білдіреді, Ғылым академиясы Төралқасы мен Бөлімшенің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;
      3) Бөлімшенің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Ғылым академиясы Төралқасының мәжілісінде баяндамашы болып табылады;
      4) Бөлімшенің жалпы жиналысының мәжілістерінде төрағалық етеді.
      27. Бөлімшенің ғалым-хатшысын Ғылым академиясының Президенті академик-хатшының ұсынуы бойынша Бөлімшенің бейіні бойынша ғылыми-ұйымдастыру жұмыс тәжірибесі бар ғылым кандидаттары мен докторлары ішінен тағайындайды.
      28. Ғалым-хатшы:
      1) Бөлімше өткізетін мәжілістерді дайындау әрі өткізуді қамтамасыз

етеді;
     2) Ғылым академиясы Төралқасының қаулылары мен өкімдерінің 
орындалуына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
     3) Бөлімшенің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметі мәселелері 
бойынша құжаттарды, анықтамалық-ақпараттық және басқа да қорыту 
материалдарын дайындауды қамтамасыз етеді.
     29. Ғылым академиясының Төралқасы, Жалпы жиналысы, Бөлімшесі туралы 
ережелерді Ғылым академиясының Президенті әзірлейді және Ғылым 
академиясының жалпы жиналысы бекітеді.
     
             5. Ғылым академиясының мүлкін құраудың тәртібі 
                    және оның қызметін қаржыландыру
     
     30. Ғылым академиясы штат санының лимитін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі бекітеді.
     31. Ғылым академиясының мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен 
құралады және құны мемлекеттік мекеменің теңгерімінде көрсетілетін негізгі 
қорлардан, айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.
     32. Ғылым академиясының мүлкі жедел басқару құқығындағы республикалық 
меншік болып табылады.
     33. Ғылым академиясының қызметін қаржыландыру заңнамалық кесімдерде 
өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
     34. Ғылым академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және есептер тапсырады.
     35. Ғылым академиясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру мен 
тексеріс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
жүзеге асырылады.
     
       6. Ғылым академиясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
     


      36. Ғылым академиясы мүшесінің негізгі міндеті көрнекті еңбегімен ғылымды байыту, ірі ғылыми және ғылыми-техникалық проблемаларды талдауды жүзеге асыру болып табылады.
      37. Ғылым академиясы мүшелері ғылыми кадрлар даярлауға тікелей қатысады.
      38. Ғылым академиясы мүшелері мерзімді түрде мыналарды ұсынады:
      1) ол бойынша сайланған ғылыми бағыттың әлемдегі даму үрдістері, Қазақстандағы кадрлық қамтамасыз ету мен ғылыми зерттеулердің жай-күйі, өзінің қосқан жеке үлесі туралы талдау баяндамаларын;
      2) ғылымға, жоғары білікті кадрлар даярлауға өзінің қосқан жеке үлесі мен ғылыми еңбектердің жариялануы туралы мәліметтер бар ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-ұйымдастыру және педагогикалық қызмет туралы жыл сайынғы есепті.
      39. Ғылым академиясы мүшелері Ғылым академиясы Президентінің, бейінді Бөлімшенің академик-хатшысының тапсырмаларын орындауға, Ғылым академиясының, тиісті Бөлімшенің жалпы жиналыстарының жұмысына қатысуға және олардың шешімдерін өмірге енгізуге міндетті.
      40. Ғылым академиясының мүшелері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда белгіленген тәртіппен Ғылым академиясының жұмысына қатысуға;
      2) ғылыми зерттеулер, материалдық-техникалық әрі кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге әрі оларды талдауға қатысуға құқылы.

           7. Ғылым академиясы мүшелерін сайлаудың тәртібі

      41. Ғылым академиясы Ғылым академиясы мүшелерін сайлауды өткізеді.
      42. Ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау үшін мамандықтар атауларын және олардың әрқайсысы бойынша бос орын санын уәкілетті органмен келісім бойынша Ғылым академиясы айқындайды.
      43. Ғылым академиясы мүшелері ғұмыр бойы сайланады.
      44. Ғылым академиясы мүшелерін сайлау тәртібін Ғылым академиясының Төралқасы әзірлейді, Ғылым академиясы Жалпы жиналысымен келіседі және Ғылым академиясының Президенті бекітеді.
      45. Әлемдік ғылымның, Қазақстан Республикасы ғылымының, мәдениеті мен экономикасының дамуында ғылыми жетістіктерін Ғылым академиясы ерекше деп таныған шетелдік ғалымдар Ғылым академиясының шетелдік мүшелері болып сайлануы мүмкін. Ғылым академиясының Төралқасы шетелдік мүшелерді ұсыну құқығына ие. Ғылым академиясының шетелдік мүшелерін сайлауды Жалпы жиналыс, әдетте, ашық дауыс беру арқылы жүргізеді. Дауыс беруге қатысқан жиналыста Ғылым академиясы мүшелерінің кемінде 2/3 дауыс берсе, сайлау құқылы болып саналады.
      46. Олардың еңбегі әлемдік ғылым мен Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына ықпал еткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер Ғылым академиясының құрметті мүшелері болып сайлануы мүмкін. Ғылым академиясының Президенті құрметті мүшелікке ұсыну құқығына ие. Ғылым академиясының Төралқасында Ғылым академиясының құрметті мүшелерін сайлау Ғылым академиясы Төралқасы мүшелерінің жай көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі.
      47. Ғылым академиясының шетелдік және құрметті мүшелері туралы ережені Ғылым академиясының жалпы жиналысы бекітеді.

            8. Ғылым академиясын қайта ұйымдастыру және тарату

      48. Ғылым академиясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысымен бекітілген


             Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
                  енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақтың 7) тармақшасында "бағдарламаларын" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
      "1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
      3-бағанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген

жолда "20" деген сан "53" деген санмен ауыстырылсын.
     3. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес 
қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  

P020041_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер қызметшілері 
болып табылмайтын қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша 
тізілімінде: 
     "F" деген санат мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы".
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           2002 жылғы 22 мамырдағы
                                              N 550 қаулысымен
                                                  бекітілген
     
         Қызметін "Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы" 
      республикалық мемлекеттік мекемесі үйлестіретін республикалық 
             мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
     
     1. "Ботаника және фитоинтродукция" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     2. "Зоология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     3. "Адамның және малдың физиологиясы институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     4. "Жалпы генетика және цитология институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     5. "Микробиология және вирусология институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     6. "О.О. Оспанов атындағы Топырақ тану институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     7. "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия 
институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     8. "Экономика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     9. "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     10. "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнертану институты" 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     11. "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     12. "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     13. "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     14. "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     15. "Сейсмология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     16. "У.М. Ахметсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика  
институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     17. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты" 
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     18. "Металлургия және кен байыту институты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     19. "География институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны 
     20. "Информатика және басқару проблемалары институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     21. "Ғарыштық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     22. "Математика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     23. "Қолданбалы математика институты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     24. "В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     25. "Ионосфера институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     26. "Физикалық-техникалық институт" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     27. "Механика және машинатану институты" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     28. "А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты" республикалық 
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     29. "Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия 
институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     30. "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     31. "Ғалымдар үйі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     32. "Орталық ғылыми кітапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық 
кәсіпорны
     33. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік 
қазыналық кәсіпорны
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.