Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 534

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1778 P001778_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 51, 582-құжат) мынадай өзгерістер

енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, 
қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасында:
     "Күрделі құрылыс" 4-бөлімде:
     "Іс-шаралар" тарауында:
     төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сәулет, 
қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамытудың бағдарламасын іске асыру 
жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспарында:
     реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
    
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.