Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 мамыр N 533

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мыналар болып айқындалсын:
      1) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, балалар үйінің денсаулығы нашар жетім балаларын, экологиялық қолайсыз аймақтардың және аз қамтылған отбасыларының балаларын оқыту, тәрбиелеу және сауықтыру;
      2) әдістерді, соның ішінде дәстүрден тыс әдістерді әзірлеу және енгізу, имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау;
      3) азаматтардың рухани және тән саулығын нығайтудың дәстүрден тыс әдістері ықпалының тәжірибесін зерделеу.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген 
бөлімінде:
     реттік нөмірі 470-164-жол алынып тасталсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 
қарашадағы N 1754  

P991754_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
     "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімінде:
     реттік нөмірі 157-16-жол алынып тасталсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.