Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 наурыздағы N 389 P010389_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 12, 128-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 1) реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын: --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 --------------------------------------------------------------------------- "26. Әлеуметтік әріптестік Ұсынымдар "Әлеуметтік 2002 "; шеңберінде кәсіптік әріптестік пен жылғы білім беру мәселелері әлеуметтік және мамыр жөнінде ұсынымдар еңбек қатынастарын әзірлеу реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия (келісім бойынша) --------------------------------------------------------------------------- 2) реттік нөмірі 47-жол алынып тасталсын; 3) "Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 51-жолда "2001 жылғы тамыз" деген сөздер "2002 жылғы желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.