1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне Қазақстанның спорт делегациясын Жасөспірімдер ойындарына даярлауға және оның қатысуына 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 48243000 (қырық сегіз миллион екі жүз қырық үш мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі
белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының спортшыларын Жасөспірімдер ойындарына даярлауды және оларға қатысуын; 2) Қазақстан Республикасының делегациясын спорт киімдерімен және атрибуттарымен қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.