Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 мамыр N 516

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық 
шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық 
шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы 
ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2002 жылғы 12 мамырдағы N 516
                                              қаулысына қосымша
     
         Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу 
         мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
     
     Тоқаев                  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік       
     Қасымжомарт Кемелұлы      хатшысы - Қазақстан Республикасының 
                               Сыртқы істер министрі, комиссияның 
                               төрағасы
     
     Ыдырысов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер      
     Ерлан Әбілфайызұлы        бірінші вице-министрі, комиссия 
                               төрағасының орынбасары
     
     Шамсутдинов             - Қазақстан Республикасының Әділет
     Ринат Шарафутдинович      вице-министрі
     
     Коржова                 - Қазақстан Республикасының
     Наталья Артемовна         Қаржы вице-министрі
     
     Белоруков               - Қазақстан Республикасы Президентінің
     Николай Васильевич        әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
                               меңгерушісінің орынбасары 
                               (келісім бойынша)
     
     Қанапиянов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
     Сержан Мұсаханұлы         Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің        
                               меңгерушісі
     
     Ушуров                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
     Игорь Арлиевич            Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі
     
     Мешімбаева              - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
     Анар Ертөлеқызы           жоспарлау жөніндегі агенттігінің 
                               Әлеуметтік-экономикалық талдау              
                               департаментінің директоры (келісім бойынша)
     
     Аманжолова              - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Зүлфия Алтайқызы          істер министрлігі Халықаралық - құқықтық
                               департаментінің директоры, 
                               комиссияның хатшысы
     
     Арынов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
     Ерлан Асатайұлы           және сауда министрлігі Сауда, халықаралық   
                               ынтымақтастық және экспорттық бақылау       
                               департаментінің директоры
     
     Сарбасов                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
     Самат Мұратұлы            кіріс министрлігі Халықаралық салық салу    
                               департаменті директорының міндетін атқарушы
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                             2002 жылғы 12 мамырдағы
                                                N 516 қаулысымен
                                                   бекітілген
     
         Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу 
        мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
     
                       1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссия Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруіне, мүше болуына және олардан шығуына, сондай-ақ көп жақты халықаралық шарттарға қосылуына қатысты мәселелерді қарамайды.

                 2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін тиісті ұсыныстар әзірлеу және:
      1) олардың ұлттық заңнамаға және жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігі мәнінде Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық шарттарын түгендеу;
      2) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе басшылығының тапсырмасымен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің бастамасымен олардың ұлттық мүдделерге, қолданыстағы заңнамаға және республикада жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігін қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық шарттар жобаларының сараптамасын жүргізу болып табылады.

                 3. Комиссияның негізгі функциялары

      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысуының орындылығы және қажет болған жағдайда, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не халықаралық шарттардың күшін жою туралы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      3) Қазақстан Республикасының қазіргі халықаралық шарттарына олардың ұлттық мүдделерге, қолданыстағы заңнамаға және республикада жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігі бөлігінде түгендеу жүргізеді;
      4) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе басшылығының тапсырмасымен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің бастамасымен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларының ұлттық мүдделерге, қолданыстағы заңнамаға және республикада жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкестігі бөлігінде сараптама жүргізеді.

                        4. Комиссияның құқықтары

      6. Оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын түгендеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар және халықаралық шарттар жобаларының сараптамасын енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысуының орындылығы және қажет болған жағдайда, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не халықаралық шарттардың күшін жою туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      3) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдарының мамандарын Комиссияның қызметіне қатысуға тартуға;
      4) халықаралық шарттардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және ұйымдардың өкілдерін Комиссияның мәжілісіне шақыруға және оларды тыңдауға;
      5) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.

                     5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия мәжілістері қажеттігіне қарай, бірақ оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
      8. Мәжілістің күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім ашық дауыспен қабылданады және егер ол үшін Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыс саны бірдей болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Қабылданған шешіммен келіспеген Комиссия мүшесі хаттамаға қоса берілетін ерекше пікірін жазба түрде білдіре алады.
      9. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
      10. Өткізілген Комиссия мәжілістерінің нәтижелері бойынша хаттамалары

ресімделіп, оларға Комиссия мүшелері қол қояды және олардың құзыретіне 
орай барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
     11. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Комиссияның 
жұмыс органы болып табылады.
     12. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде 
ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және 
мәжілістердің хаттамаларын ресімдейді.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.