"Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 мамыр N 506

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Z952335_ заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік қызмет кадрларының кәсіптік деңгейін көтеру әрі мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің "Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі аясы білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық іс-қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

 

агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі

523-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

агенттігі

     523 "Еуразия мемлекеттік

     қызметшілерді оқыту орталығы"

     республикалық мемлекеттік

     қазыналық кәсіпорны                               Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.