Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-72-жолмен толықтырылсын:
"9-72. "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
шаруашылық басқармасы"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны" Астана қаласы".
2) <*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1117 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі