Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2002 жылғы 22-24 мамырда Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері ("Бішкек тобы") басшылары кездесуінің өткізілуіне байланысты Қазақстан Республикасына шақырылған адамдардың тұруына ақы төлеуге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 3356126 (үш миллион үш жүз елу алты мың бір жүз жиырма алты) теңге бөлсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі