Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 23 сәуір N 461.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік

мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес.";
     осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігі туралы ережеде:
     1-тармақтың екінші абзацы "Министрліктің мынадай" деген сөздерден 
кейін "облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары 
және" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2002 жылғы 23 сәуірдегі
                                                N 461 қаулысына
                                                    қосымша
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            1999 жылғы 11 наурыздағы
                                                N 223 қаулысына
                                                   4-қосымша     
     
           Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
        мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының
                            тізбесі
     
     1. Ақмола облысының Әділет басқармасы             Көкшетау қ.
     2. Ақтөбе облысының Әділет басқармасы             Ақтөбе қ.
     3. Алматы облысының Әділет басқармасы             Талдықорған қ.
     4. Атырау облысының Әділет басқармасы             Атырау қ.
     5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы    Өскемен қ.
     6. Жамбыл облысының Әділет басқармасы             Тараз қ.
     7. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы    Орал қ. 
     8. Қарағанды облысының Әділет басқармасы          Қарағанды қ.
     9. Қызылорда облысының Әділет басқармасы          Қызылорда қ.
     10. Қостанай облысының Әділет басқармасы          Қостанай қ.
     11. Маңғыстау облысының Әділет басқармасы         Ақтау қ.
     12. Павлодар облысының Әділет басқармасы          Павлодар қ.
     13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет 
         басқармасы                                    Петропавл қ.
     14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет 
         басқармасы                                    Шымкент қ.
     15. Астана қаласының Әділет басқармасы            Астана қ.
     16. Алматы қаласының Әділет басқармасы            Алматы қ.
  
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.