Күші жойылды - Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 2008.12.01 N 1122 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 P011371_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 480-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Көшi-қон
саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасында: "6. Қазақстан Республикасы Көшi-қон саясатының салалық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың 2001-2005 жылдарға арналған жоспары" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 1.1.6.-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 30 қазандағы N 1380 P011380_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 36-37, 485-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: "6. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 1.1. және 1.6.-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 6.6.-жолда: "ереженi" деген сөз "тәртiптi" деген сөзбен ауыстырылсын; "Орындалу мерзімі" деген 4-бағанда "2001 ж. желтоқсан" деген сөздер "2002 ж. маусым" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі