Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жүмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 17 сәуір N 443.

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы K010209_ Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерi - тәулiгiне 2 айлық есептiк көрсеткiш болып бекiтiлсiн.
      2. "Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеудiң мөлшерi туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 қарашадағы N 674 P910674_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлерге дала жұмысы үшiн ақы төлеу туралы ережеде:
      1) 1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
      2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "4. Салық салынуға жатпайтын далалық жабдықталым ақшасының мөлшерi 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.";
     3) 7-тармақтағы "қызмет бабындағы командировканы төлеу туралы" деген 
сөздер алынып тасталсын;
     4) 8-тармақ алынып тасталсын.
     3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi. 
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі 
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.