Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереженi бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 440.

Қолданыстағы
      Көлiк кешенiнiң қауiпсiз жұмысын қамтамасыз етудiң тиiмділігiн арттыру, көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнiң алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 391  

P980391_

  
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 109-құжат) 1, 
2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                      2002 жылғы 16 сәуірдегi
                                         N 440 қаулысымен
                                            бекiтiлген
     
             Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
                        үйлестiру кеңесi туралы
                                ЕРЕЖЕ
     


      Осы Ереже Көлiкте қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi қызметiнің мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн анықтайды.

                          1. Жалпы ережелер

      1. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасының көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiн тиiмдi алдын алу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн, көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды үйлестіру және олардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
      2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
      3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

                2. Үйлестiру кеңесінің негiзгi мiндетi,
                      функциялары және құқықтары

      4. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ұсынымдар мен шешiмдердi дайындау Үйлестiру кеңесiнің негiзгi мiндетi болып табылады.
      5. Үйлестiру кеңесiнің функциялары:
      1) көлiктегi қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдау және көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
      2) жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнің алдын алу, оларды анықтау және тыю жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.
      6. Үйлестiру кеңесiнiң мынаған құқығы бар:
      1) көлiкте қауіпсiздiктiң жай-күйiн арттыру жөнiндегi жұмыстар жоспарлары мен шараларды бекiту және түзету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      2) белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша олардың қызметiн көрсететiн қажеттi ақпарат сұрату;
      3) көлiкте қауiпсiздiктi арттыру мәселелерi бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды әзiрлеуге заңнамада белгiленген тәртіппен қатысу;
      4) өзiнiң мәжiлiстерiнде Yйлестiру кеңесi мүшелерiнiң және қызметтерi көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты ұйымдардың жауапты өкiлдерiнің баяндамалары мен есептерiн тыңдау;
      5) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдарды дайындауға қатысу үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылармен келiсе отырып, бiлiктi мамандарды тарту;
      6) Үйлестiру кеңесiнiң қарауына жатқызылған мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту.

              3. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Үйлестiру кеңесiнiң құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мүдделi ұйымдарының өкiлдерiнен құралады және оны Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн Yйлестiру кеңесiнiң мәжiлiстерiнде төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын және Үйлестiру кеңесi қызметінің нәтижелерiне жауапты болатын оның төрағасы басқарады.
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi

Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.
     9. Үйлестiру кеңесi өзiнiң жұмысын Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiмен 
келiсiлген және төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi.
     10. Үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ 
тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оған Үйлестiру кеңесi 
мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
     11. Үйлестiру кеңесiнің шешiмдерi Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы 
санының жай көпшілiк даусымен қабылданады. Үйлестiру кеңесi мүшелерінің 
дауыстары тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
     Шешiмдер хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
     12. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi 
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге 
асырады.
     
               4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату
     
     13. Үйлестіру кеңесі қызметінің тоқтатылуына мыналар негіз болып 
табылады:
     1) Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттердің орындалуы;
     2) бұрын Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдардың немесе өзге консультативтік-кеңесші органның 
құрылуы;
     3) Үйлестіру кеңесі міндетінің орындалуы мүмкін болмайтын не оның 
орындалуы орынсыз болатын өзге де жағдайлар.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.