Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 438

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. "Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегi 
ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 
жылғы 9 қарашадағы N 1686  

P001686_

  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық 
комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
     Мәсiмов                          - Қазақстан Республикасы Премьер-    
     Кәрiм Қажымқанұлы                  Министрінің орынбасары, төраға
     Школьник                         - Қазақстан Республикасының
     Владимир Сергеевич                 Энергетика және минералдық
                                        ресурстар министрi, төрағаның
                                        орынбасары
     Андрющенко                       - Қазақстан Республикасының
     Александр Иванович                 Экономика және сауда бiрiншi 
                                        вице-министрi
     Бейсембетов                      - Қазақстан Республикасының 
     Ескендiр Қалыбекұлы                Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
                                        агенттiгiнiң төрағасы (келiсiм
                                        бойынша)
     Жәмiшев                          - Қазақстан Республикасының 
     Болат Бидахметұлы                  Қаржы вице-министрi
     Ыдырысов                         - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Ерлан Әбiлфайызұлы                 iстер бiрiншi вице-министрi
     Қиынов                           - "ҚазМұнайГаз" жабық акционерлiк
     Ләззат Кетебайұлы                  қоғамының президентi (келiсiм
                                        бойынша)
     Нәлiбаев                         - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Әбдiқалық Зәкiрұлы                 Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
                                        орынбасары
     Тұрмағанбетов                    - Қазақстан Республикасының Табиғи
     Мәжит Әбдiқалықұлы                 ресурстар және қоршаған ортаны
                                        қорғау вице-министрi
     Шамсутдинов                      - Қазақстан Республикасының Әдiлет
     Ринат Шарафутдинұлы                вице-министрi;
     мына жолдар:
     "Қабылдин                        - "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай
     Қайыргелдi Мақсұтұлы               тасымалдау жөнiндегi компаниясы"
                                        жабық акционерлiк қоғамының 
                                        вице-президентi, атқарушы хатшы    
                                        (келiсiм бойынша)
     Құлыбаев                         - "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай
     Тимур Асқарұлы                     тасымалдау жөнiндегi компаниясы"
                                        жабық акционерлiк қоғамының
                                        президентi (келiсiм бойынша)
     Досаев                           - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Ерболат Асқарбекұлы                вице-министрi
     Қарабалин                        - "ҚазТрансГаз" жабық акционерлiк
     Ұзақбай Сүлейменұлы                қоғамының президентi (келiсiм
                                        бойынша)"
     мынадай редакцияда жазылсын:
     Қабылдин                         - "ҚазМұнайГаз" жабық акционерлiк
     Қайыргелдi Мақсұтұлы               қоғамының басқарушы директоры,
                                        атқарушы хатшы (келiсiм бойынша)
     Құлыбаев                         - "ҚазМұнайГаз" жабық акционерлiк
     Тимур Асқарұлы                     қоғамының бiрiншi вице-президентi
                                        (келiсiм бойынша)
     Досаев                           - Қазақстан Республикасының Табиғи
     Ерболат Асқарбекұлы                монополияларды реттеу,
                                        бәсекелестiктi қорғау және шағын
                                        бизнестi қолдау жөнiндегi          
                                        агенттiгiнiң төрағасы
     Қарабалин                        - Қазақстан Республикасының
     Ұзақбай Сүлейменұлы                Энергетика және минералдық
                                        ресурстар вице-министрi;
     көрсетiлген құрамнан Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев, Даниял Кенжетайұлы 
Ахметов, Нұртай Әбiқайұлы Әбiқаев, Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев, Қайрат 
Нематұлы Келiмбетов, Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров, Болат Сұлтанұлы Өжкенов, 
Болат Далдайұлы Еламанов, Андрей Николаевич Котлов шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.