Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 434.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 P020100_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер

"заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар 
үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен 
айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
     1-тарауда:
     1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу;           10
         мал дәрігерлік қызметпен айналысу;                    6";
     4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып 
тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі