Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 жылға арналған ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 сәуір N 432

Жаңартылған

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысын  iске асыру және отандық ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлердi ауыл шаруашылығы
дақылдарының элиталық тұқымымен, асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етудi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеудiң 2002 жылға арналған ережесi бекiтілсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2002 жылғы 15 сәуiрдегi      
N 432 қаулысымен        
бекiтiлген            

Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын
асылдандыру iсін сақтауға және дамытуға қаражат
төлеудiң 2002 жылға арналған ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Элиталық
тұқым өсiру және асыл тұқымдандыру iсiн сақтау және дамыту" 038-бағдарлама
бойынша көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде элиталық тұқым
шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға
арналған элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары мен мал тұқымын асылдандыру зауыттарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, мал тұқымын асылдандыру мен
дистрибьютерлiк орталықтарды (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) субсидиялаудың жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттiк субсидиялар мыналарға арналады:
      1) отандық тауар өндiрушiлерге сатылған ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдары мен асыл тұқымды төлдер, аталықтар тұқымдары және асыл тұқымдық жұмыртқалар (бұдан әрi - асыл тұқымды өнiм (материал) құнын ішiнара арзандату үшiн;
      2) коллекциялық табындар қалыптастыру үшiн сатып алынған саны аз және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерiнiң құнын өтеуге;
      3) мал тұқымын асылдандыру орталықтарында асыл тұқымдық бұқаларды және асыл тұқымды мекиен тауықтарды күтiп ұстау жөнiндегi шығындарды өтеуге;
      4) асыл тұқымдық бұқаларды сатып алуға және олардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды өтеуге;
      5) мал тұқымын асылдандыру ісi үшiн сатып алынған арнаулы технологиялық жабдықтар (бұдан әрi - арнаулы жабдықтар) құнын өтеуге.

      3. Мемлекеттiк субсидиялар "Қазақстан Республикасында пайдалануға
жiберiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне" енгiзiлген ауыл шаруашылық дақылдарының аудандастырылған сорттары элиталық тұқымының және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) белгiленген квоталар мен шығыстар сметасы шегiнде отандық ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарына және асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiне төленедi.

      4. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген iс-шараларды субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi белгiлеген квоталар мен шығыстар сметасы шегiнде жүзеге асырылады.

      5. Элиталық тұқымның және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне арналған субсидиялар нормативi, сондай-ақ оларды сақтау жөнiндегі iс-шаралар қосымшаға сәйкес белгiленедi.

      6. Элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдары мен асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiлген, төленетiн субсидия мөлшерiне кемiтiлген баға бойынша дербес сатады.

2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтауға және дамытуға
арналған субсидияларды төлеу тәртiбi

      7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiленiң жасалуына қарай, бiрақ 2002 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң аудандық аумақтық органына (бұдан әрi - аудандық аумақтық басқарма) мынадай құжаттарды ұсынады:
      асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;
      төлем құжаттарының көшiрмелерi (төлем түрлерiне қарай: аударым - банктiң төлем тапсырмасы; қолма-қол есеп айырысқаны үшiн - кассалық кiрiс ордерi; баспа-бас мәмiле (ерекше жағдайда) - шарт және өнiмдi кiрiске алу актісi);
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор (бұдан әрi - меминспектор) аудандық аумақтық басқармаға ай сайын 5-і күнiне қарай, бiрақ 2002 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей алдыңғы ай үшiн асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы аудан бойынша жиынтық актiнi және аудандық аумақтық басқарма бастығы куәландырған мақсатты пайдалану актiсiн сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларымен бiрге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық аумақтық органына (бұдан әрi - облыстық аумақтық басқарма) ұсынады;
      3) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттардың дұрыстығы мен растығын тексередi, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы облыс бойынша жиынтық акт жасайды, мөрмен куәландырады және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарттарының және мақсатты пайдалану актiлерiнiң түпнұсқаларымен бiрге оны ай сайын 10-ы күнiне қарай Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ұсынады;
      4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы облыстар ұсынған жиынтық актiлердiң жасалуының дұрыстығын тексередi, оларда көрсетiлген көлем және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне арналған нормативтер негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және сатудың белгiленген квоталары шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы республика бойынша жиынтық ведомость жасайды. Көрсетiлген бағдарламаны қаржыландыру үшiн республикалық бюджеттен қаражаттың бөлiнуiне қарай күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн асыл тұқымды мал шаруашылығы тиiстi субъектiлерiнiң есеп айырысу шотына тиесiлi субсидияны аударады;
      5) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату үлгi шартының оларды мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы аудан бойынша, облыс бойынша жиынтық актiлердiң және асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы республика бойынша жиынтық ведомостiң нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

      8. Асыл тұқымдық бұқаларды сатып алуға және оларды мал тұқымын асылдандыру орталықтарында күтiп ұстауға арналған шығындарды өтеу үшiн:
      1) мал тұқымын асылдандыру орталығы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне асыл тұқымдық бұқалардың отандық немесе шетелдiк селекцияларын сатып алуға арналған шарттың немесе келiсiм-шарттың бiр данасын ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жасалған шарттардың немесе келiсiм-шарттардың дұрыстығы мен растығын, сатып алынатын малдың тұқымды селекциялық-асылдандыру жұмыстары жоспарларына сәйкестiгiн тексередi және бюджеттiк ақшаны асыл тұқымдық бұқалар сатып алу үшiн мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына аударады. Асыл тұқымдық бұқалар сатып алғаннан кейiн мал тұқымын асылдандыру орталығы келесi айдың ішiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне барлық төлем құжаттарының және кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
      3) сатып алынған асыл тұқымдық бұқаларды күтiп ұстауға және олардың ұрығын сақтауға арналған бюджеттік ақшаны алу үшiн мал тұқымын асылдандыру орталығы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне асыл тұқымдық бұқаларды күтiп ұстау және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есеп-қисаптың бiр данасын ұсынады және әр айдың қорытындысы бойынша асыл тұқымдық бұқаларды күтiп ұстау әрi олардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығынды растайтын салыстырып тексеру актiлерi мен құжаттарды ұсынады;
      4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн бюджеттiк ақшаны мал тұқымын асылдандыру орталығының есеп айырысу шотына аударады.

      9. Құс шаруашылығы бойынша тұқым асылдандыру шаруашылығында асыл тұқымды құстарды күтiп ұстау шығынын өтеу үшін:
      1) құс шаруашылығы бойынша тұқым асылдандыру шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 2002 жылдың бiрiншi жарты жылдығы iшiнде асыл тұқымды құстарды күтiп ұстау жөнiндегi шарт немесе келiсiм-шарт түпнұсқасының бiр данасын ұсынады және әр айдың қорытындысы бойынша асыл тұқымды құстарды күтiп ұстау жөнiндегi нақты шығынды растайтын салыстырып тексеру актiлерi мен құжаттарды ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынылған құжаттардың дұрыстығын мен растығын тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн бюджеттiк ақшаны құс шаруашылығы бойынша тұқым асылдандыру шаруашылығының есеп айырысу шотына аударады.

      10. Арнаулы жабдықтардың, сондай-ақ селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар қалыптастыру үшiн сатып алынған отандық селекцияның саны аз және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерiнiң құнын өтеу үшiн:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң және Бiлiм және ғылым министрiнiң бiрлескен бұйрығымен сатып алынатын арнаулы жабдықтардың, коллекциялық табындар қалыптастыруға арналған отандық селекцияның саны аз және жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерiнiң тiзбесi мен саны бекiтiледi;
      2) селекциялық-генетикалық орталықтар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне коллекциялық табындар қалыптастыру үшiн сатып алынған отандық селекцияның саны аз әрi жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар түрлерiн және арнаулы жабдықтарды сатып алу-сату шартының бiр данасын, төлем құжатының және кiрiске алу актiсiнiң көшiрмелерiн ұсынады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі ұсынылған құжаттардың дұрыстығы мен растығын тексередi және күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн бюджеттiк ақшаны олардың есеп айырысу шотына аударады.

3. Элиталық тұқым шаруашылығын сақтауға және дамытуға
арналған субсидия төлеу тәртiбi

      11. Ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдарын арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
      1) элиталық тұқым өсiру шаруашылығы отандық ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге белгiленген квоталар шегiнде элиталық тұқымдар көлемiн арзандатылған құн бойынша сату фактiсiн, ал аудандық аумақтық басқарма - сатылған элиталық тұқымдарды отандық ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлердiң мынадай мерзiмдерде мақсатты пайдалану фактiсiн растайды:
      күздiк дақылдар бойынша - 2002 жылғы қазан-қарашада; <*>
      жаздық дақылдар бойынша - 2002 жылғы маусымда;
      2) элиталық тұқымдарды сатқаны үшiн ақша төлеу ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттар мен нақты элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары үшiн белгiленген квоталар есебiнен және шегiнде жүргiзiледi:
      күздiк дақылдар бойынша - сәуiр-шілдеде және қараша-желтоқсанда; <*>
      жаздық дақылдар бойынша - шiлде-желтоқсанда;
      3) элиталық тұқымдарды сату фактiсiн растау және субсидия алу үшiн элиталық тұқым өсiру шаруашылықтары аудандық аумақтық басқармаға осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мерзiмде мынадай құжаттар ұсынады:
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығының элиталық тұқымдарды нақты сату көлемi бойынша екi дана жиынтық тiзiлiм: бiрi - аудандық аумақтық басқарма үшiн, екiншiсi - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi үшiн;
      элиталық тұқымдар өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттар (байқау актiлерi және суперэлита мен элита көбейту тұқымбақтарын, ал көбейту мен суперэлита тұқымбақтары сатып алынған жағдайда - тұқымға арналған аттестатты байқау туралы есеп);
      белгіленген тәртiппен тiркелген тұқымдар сапасына сараптама жасау жөнiндегі аудандық зертхананың тексерiлген элиталық тұқымдар саны мен сапасы туралы анықтамасы;
      сатылған элиталық тұқымдардың бастапқы төлем құжаттарының (тұқымды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар, шот-фактуралар; төлем түрiне қарай: нақты ақшасыз есеп айырысу кезiнде - банкiнiң белгiсi соғылған төлемдiк тапсырмалар; қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезiнде - кассалық кiрiс ордерлерi, баспабас есеп айырысу жағдайында - сатып алушылардың шарттары, сенiмхаттары) көшiрмелерi;
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығы мен элиталық тұқым сатып алушылар арасында сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның мөлшерi туралы сатып алу-сату шарты. Сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншiсi - элиталық тұқым өсiру шаруашылығы үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi аудандық аумақтық басқарма үшiн, төртiншiсi - Ауыл шаруашылығы министрлiгi үшiн;
      4) аудандық аумақтық басқарма бастапқы төлем құжаттарының ұсынылған көшiрмелерiн (тұқымды жөнелтуге арналған жүкқұжаттарды, шот-фактураларды; төлем түрiне қарай - банкiнiң белгiсi соғылған төлемдiк тапсырмаларды, кассалық кiрiс ордерлерiн, баспабас есеп айырысу жағдайында - сатып алушылардың шарттарын, сенiмхаттарын) түпнұсқамен салыстырып тексередi және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Бастапқы төлем құжаттарының куәландырылған көшiрмелерi, элиталық тұқымдардың нақты сатылу көлемi бойынша жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы аудандық аумақтық басқармада сақтауға қалдырылады;
      5) аудандық аумақтық басқарма облыстық аумақтық басқармаға мынадай құжаттар ұсынады:
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығының элиталық тұқымдарды нақты сату көлемi бойынша жиынтық тiзiлiм;
      элиталық тұқым өсiру шаруашылығы мен элиталық тұқым сатып алушы арасында сатылған және сатып алынған элиталық тұқым мөлшерi туралы сатып алу-сату шарты;
      элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы акт;
      белгiленген тәртiппен тiркелген тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегі аудандық зертхананың, тексерiлген элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы анықтамасы;
      6) облыстық аумақтық басқарма ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша жиынтық акт жасайды және оны осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларымен қоса Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жiбередi;
      7) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ұсынылған құжаттарды тексередi, элиталық тұқымдардың сатылу көлемi жөнiнде республика бойынша жиынтық акт жасайды, белгіленген нормативтер негізiнде элиталық тұқым өсiру шаруашылығына тиесiлi бюджеттік ақшаның көлемiн айқындайды, субсидия төлеу үшiн екi дана етiп ведомость жасайды және тиесiлi соманы элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының есеп айырысу шоттарына аударады.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына ведомостiң бiр данасын ұсынады.
      8) элиталық тұқымдарды сатып алу-сату үлгi шартының, оларды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиталық тұқым өсiру шаруашылығының элиталық тұқымды нақты сату көлемi бойынша жиынтық тiзiлiмдердiң, облыс бойынша, республика бойынша сатылған элиталық тұқымдар көлемi жөнiндегi жиынтық актiлердiң нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 806 қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қазандағы N 1153 қаулысымен.

Қосымша       

Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) және ауыл шаруашылық
дақылдары элиталық тұқымдарының әрбiр түрiне арналған
субсидия нормативтері, сондай-ақ оларды сақтау жөніндегi іс-шаралар

      1) сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған субсидия нормативтерi

                                          ! Асыл тұқымды   !  Сатылатын
    Малдардың түрлерi мен тұқымдары       !өнiмнiң өзiндiк ! 1 кг. тірi
                                          !құнын арзандату !  салмаққа
                                          !      %-ы       !  арналған
                                          !                !  субсидия
                                          !                !  нормативi,
                                          !                !  теңгемен
------------------------------------------------------------------------
                     1                     !        2       !       3
------------------------------------------------------------------------
Мүйізді ірі қара
Соның ішінде сүт бағытындағылары:
Қара шұбар                                         50              69
Қызыл                                              50              69
Қоңыр                                              50              69
Қызғылт сары шұбар                                 50              69
Айыршы                                             50              69
Соның ішінде ет бағытындағылары:
Қазақтың ақ бас сиыры                              50              63
Герефордтық                                        50              63
Әулиекөлдiк                                        50              63
Санта-гертруда                                     25              31
Галловейлiк                                        25              31
Қойлар           
Соның ішінде биязы жүн бағытындағылары:
Қазақтың арқар мериносы                            50              72
Солтүстiк Қазақстан мериносы                       50              72
Оңтүстiк Қазақстан мериносы                        50              72
Қазақтың биязы жүндi қойы                          50              72
(Австралия мериносы жақсартушы қошқарлар)          50             300
Жартылай биязы жүн бағытындағылары:    
Қазақтың жартылай биязы жүндi қойлары              50              72
Ақжайық еттi-жүндi қойлары                         50              72
Цигайлық                                           50              72
Ет-май бағытындағылары:
Едiлбай қойы                                       50              67
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы                50              62
Қазақтың жартылай қылшық жүнді құйрықты қойы       50              62
Атырау елтірілік құйрықты қойлары                  50              60
Қаракөл қойлар                                     50              55
Шошқалар
соның ішінде:
Ірі ақ шошқа                                       50              94
Неміс асыл тұқымды шошқасы                         25              50
Жылқылар
соның ішінде:
Спорт бағытындағылары:
Таза тұқымды мініс жылқысы                         25              41
Ақалтекелік                                        25              41
Қостанайлық                                        25              41
Орыс жорғасы                                       20              32
Азық-түлік бағытындағылары:
Қазақтың жабы тұқымдас жылқылары                   50              75
Мұғалжарлық                                        50              75
Көшімдік                                           50              75
Адайлық                                            50              75
Түйелер:
соның ішінде: қазақтың айыр түйесі                 50              60

     2) ұрықтың бiр дозасына арналған субсидия нормативi

------------------------------------------------------------------------
                                           ! Асыл тұқымды   ! Ұрықтың 1
         Асыл тұқымды өнiмнiң түрi         !өнiмнiң өзiндiк ! дозасына
                                           !құнын арзандату ! арналған
                                           !      %-ы       ! субсидия
                                           !                ! нормативi,
                                           !                ! теңгемен
------------------------------------------------------------------------
                     1                     !        2       !      3
------------------------------------------------------------------------
Тұқымдық бұқалардың ұрығы                          40             140
------------------------------------------------------------------------
    3) сатылған асыл тұқымды бiр жұмыртқаға арналған субсидия
       нормативтерi
------------------------------------------------------------------------
                                           ! Асыл тұқымды   !Асыл тұқымды
         Асыл тұқымды өнiмнiң түрi         !өнiмнiң өзiндiк !1 жұмыртқаға
                                           !құнын арзандату !  арналған
                                           !      %-ы       !  субсидия
                                           !                ! нормативi,
                                           !                ! теңгемен
--------------------------------------------------------------------------
                     1                     !        2       !      3
--------------------------------------------------------------------------
Тауықтың асыл тұқымдық мақсаттарға
арналған жұмыртқасы (аналық)                       50              8
Тауықтың асыл тұқымдық мақсаттарға
арналған жұмыртқасы (еттiк)                        50             14
Yйректiң асыл тұқымдық мақсаттарға
арналған жұмыртқасы                                25             12
--------------------------------------------------------------------------     4) Құнының 100 пайызына арналған субсидия нормативтерi:
     селекциялық-генетикалық орталықтарда коллекциялық табындар құру
үшiн сатып алынатын саны аз, жоғалып бара жатқан асыл тұқымды малдар
түрлерi;
     асыл тұқымды орталықтар үшiн сатып алынатын асыл тұқымдық бұқалар;
     асыл тұқымды малдың саны аз, жоғалып бара жатқан түрлерiнiң
коллекциялық табындары күтiп ұсталатын селекциялық-генетикалық орталықтар
үшiн сатып алынатын арнаулы жабдықтар.

     5) Шығынның 100 пайызына арналған субсидия нормативтерi:
     асыл тұқымдық бұқаларды мал тұқымын асылдандыру орталықтарында
күтiп ұстау бойынша;
     асыл тұқымды құстарды 2002 жылдың бiрiншi жартысында құс шаруашылығы
жөнiндегi асыл тұқым шаруашылығында күтiп ұстау бойынша;

     6) ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын субсидиялау
        нормативтерi  _________________________________________________________________________
          Өнім түрi                       Бір тоннаға      1 тоннаға
                                           арналған         арналған
                                           арзандату        субсидия
                                              %-ы           нормативі,
                                                           мың теңгемен
_________________________________________________________________________
Күздiк дақылдардан, жүгерi мен             40-қа дейiн       11,926
күрiштен басқа, астық және дәндi
бұршақ дақылдары
Күздiк дақылдар                            40-қа дейiн       14,667
Жүгері                                     40-қа дейiн       30,000
Күрiш                                      40-қа дейiн       16,000
Күнбағыс                                   40-қа дейiн       40,000
Басқа майлы дақылдар                       40-қа дейiн       16,000
Картоп                                     40-қа дейiн       28,000
Жоңышқа                                    40-қа дейiн      120,000
Басқа көп жылдық шөптер                    40-қа дейiн       46,000
Бiр жылдық шөптер                          40-қа дейiн       12,000
Қант қызылшасы                             40-қа дейiн       16,000
Мақта                                      40-қа дейiн       22,000

      ЕСКЕРТУ. 6) тармақшаның кестесі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі N 806 қаулысымен