"Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 сәуір N 430

Қолданыстағы
      2002 жылғы 26 тамыз - 4 қыркүйекте Йоханнесбург қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) өткізілетін "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Саммитіне тиімді дайындалу және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 
Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн 
Тәртібін әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) 
құрылсын.
     2. Қоса беріліп отырған:
     1) Комиссияның құрамы;
     2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                          2002 жылғы 15 сәуірдегі
                                             N 430 қаулысымен
                                                бекітілген
     
      "Рио+10" тұрақты даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 
          Дүниежүзілік Саммитіне дайындық және 21-ғасырға 
        арналған Қазақстандық Күн Тәртібін әзірлеу жөніндегі 
                 ведомствоаралық комиссияның құрамы
     
1. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы      - Қазақстан Республикасы                 
                                    Премьер-Министрінің орынбасары,        
                                    төраға;     
     
2. Шоқпытов Андар Мәулешұлы       - Қазақстан Республикасы Табиғи          
                                    ресурстар және қоршаған ортаны 
                                    қорғау министрі, орынбасар;
     
3. Андрющенко Александр Иванович  - Қазақстан Республикасының Экономика    
                                    және сауда бірінші вице-министрі;     
     
4. Елекеев Ирак Қасымұлы          - Қазақстан Республикасының
                                    Әділет вице-министрі;
5. Қазыханов Ержан Хозеұлы        - Қазақстан Республикасының
                                    Сыртқы істер министрлігі Көп
                                    жақты ынтымақтастық департаментінің
                                    директоры;
6. Төлебаев Алмас Қажыкенұлы      - Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика және минералдық
                                    ресурстар министрлігі
                                    Халықаралық ынтымақтастық және
                                    мемлекеттік ғылыми-техникалық
                                    бағдарламалар департаментінің
                                    директоры;
     
7. Кемелбеков Шамғон Нәмелбекұлы  - Қазақстан Республикасы табиғи
                                    ресурстар және қоршаған ортаны 
                                    қорғау министрлігі талдау және         
                                    жоспарлау департаментінің директоры,   
                                    хатшы;     
     
8. Мешімбаева Анар Ертөлеуқызы    - Қазақстан Республикасының
                                    Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
                                    агенттігі Әлеуметтік-экономикалық
                                    талдау департаментінің директоры
                                    (келісім бойынша).
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                          2002 жылғы 15 сәуірдегі
                                             N 430 қаулысымен
                                                бекітілген
         Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Біріккен Ұлттар Ұйымының
        Дүниежүзiлiк Саммитіне дайындық және 21-ғасырға арналған 
                    Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзірлеу
               жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
                               ЕРЕЖЕ
                          1. Жалпы ереже


      1. Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердi және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

                      2. Комиссияның мiндеттерi

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Рио+10 тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне (бұдан әрi - Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитi) тиiмдi дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу;
      2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындыққа және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеуге байланысты іс-шараларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады.

              3. Комиссияның құқықтары мен өкiлеттiктері

      4. Комиссия белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметiне 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу және оның пилоттық бағдарламалары мен жобаларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) Рио+10 Дүниежүзiлiк Саммитiне Комиссияның құзыретiне жататын қажеттi материалдарды тиiмдi дайындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу және енгiзу үшiн жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға;
      3) Комиссияның қарауына жататын мәселелердi шешу үшiн мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн және комиссияның құрамына енбеген мүдделі ұйымдарды тартуға;
      4) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпараттар мен материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға құқығы бар.

                  4. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметi

      5. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктеледi.
     Комиссияны төраға басқарады.
     Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды 
Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
     Комиссия отырыстары қажетiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет 
өткiзiледi.
     Комиссияның шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен 
қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатқа ие.
     Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған 
болып саналады.
                    5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы
     6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына:
     1) Комиссия қызметi мерзiмiнiң өтуi;
     2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;
     3) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк 
органдардың немесе өзге де комиссияның құрылуы;
     4) Комиссия мiндетiнiң орындалуын мүмкiн емес ететiн немесе қажетсiз 
ететiн өзге де жағдайлар негiз болып табылады.
     7. 6-тармақта көрсетiлген мән-жайлар туындаған жағдайда, комиссияның 
төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға не төрағаның шешімі бойынша 
Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде 
белгіленген тәртіппен Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын Үкіметке енгізеді.
     Осы тармақта көрсетілген тәртіп Комиссияның құрамына немесе 
функцияларына өзгерістер енгізу қажеттігі жағдайында да қолданылады.
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.