"Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 сәуір N 425

Қолданыстағы

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекция" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
      2. Мекеменің негізгі міндеттері:
      Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
      авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру, Қазақстан Республикасының теңізі мен ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу кезінде техникалық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін реттейтін нормативтік кесімдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып айқындалсын.
      3. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

 

аумақтық органдарының штат саны лимиті шегінде Мекеменің штат санының

лимиті 10 (он) бірлік санында бекітілсін.

     5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

заңнамада белгіленген тәртіппен:

     Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.