Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 сәуір N 424

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазимпекс" республикалық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) оған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің "Құлагер" және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Шекара" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-бап) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген

бөлімдегі реттік нөмірі 479-1-жол алынып тасталсын;

     "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік

байланыс қызметі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 479-2-жол алынып тасталсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.