"Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 417.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 U952335_ Жарлығына сәйкес және Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақ мемлекеттiк циркi" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) мүлiк кешенi ретiнде белгiленген тәртiппен республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Алматы қаласының әкiмi белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 14-а-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 512-29-жол алынып тасталсын;
      2) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 P981141_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттері мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 153-жол алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 500 P990500_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат):

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетiне 
ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 46-жол 
алынып тасталсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.