Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 415.

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479  

P951479_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     2-бағанда "ЭКЮ" деген сөз "ЕВРО" деген сөзбен ауыстырылсын;
     мына:
     "Кеден аукционына қатысқаны 
үшін төлем                                                  500 ЭКЮ
     Ақпарат пен консультация 
берілгені үшін төлем                                         5 ЭКЮ"
деген жолдар алынып тасталсын;
     мына:
     "*Алымдардың ставкалары тиісті құқықтың үш жылға берілетіні есептеліп 
белгіленеді" деген сілтеме алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.