"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 403

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Даму Банкі) Даму Банкіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Эксимбанк) міндеттемелерін және оның мемлекеттік заемдар шеңберінде жасасқан әрі оларды бірлесіп қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылатын агенттік келісімдер бойынша түпкі заемшыларға талаптар қою құқықтарын беру жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар министрліктері, Даму Банкі (келісім бойынша), Эксимбанк (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 
А.С.Павловқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                              2002 жылғы 5 сәуірдегі
                                                 N 403 қаулысына
                                                    қосымша
     
                 Эксимбанктің міндеттемелері
            және оның түпкі заемшыларға талап қою 
                құқығы Даму Банкіне берілетін 
                     жобалардың тізбесі
     
     1. Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру
     2. Ақтау қаласындағы теңіз сауда портын қайта құру
     3. Темір жол көлігінің қуатын дамыту
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.