Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 сәуір N 396.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Z010222_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк

және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының сипаттамасы;
     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк 
және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсiнiң сипаттамасы;
     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк 
және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметiнiң
                                                2002 жылғы 3 сәуірдегі
                                                   N 396 қаулысымен
                                                      бекiтiлген
     
        Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк
                     бейбiтшiлiк және прогресс
                 сыйлығының лауреаты дипломының
                          СИПАТТАМАСЫ
     


      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының негiзi (бұдан әрi - Диплом) мөлшерi 335 х 115 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған, "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.
      2. Дипломның сыртқы бетiнде алтын түстi "Қазақстан Республикасы

Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының 
лауреатының дипломы" деген жазу орналасады.
     3. Дипломның ішкi жағы ақ түстi атлас материалымен тартылған. 
     4. Дипломның қосымша бетi мөлшерi 310 х 110 миллиметр ақ түстi 
қағаздан дайындалады.
     5. Қосымша беттiң сыртқы бетiнiң ортасына Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады.
     6. Дипломның қосымша бетiнiң айқармасындағы мәтiнi қазақтың 
ою-өрнегiмен безендiрiледi әрi алтын және көк бояумен трафарет тәсiлiмен 
басылады. Қосымша беттiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң 
жағында тиiсiнше орыс тілiндегi мазмұны көрсетiледi. 
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                     Yкiметiнiң
                                                2002 жылғы 3 сәуірдегi
                                                   N 396 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
     
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк
     бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға
                         тағатын белгiсiнiң
                            СИПАТТАМАСЫ
     
     1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк 
бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсi 
диаметрi - 38 мм, тағаны - 35 мм медаль түрiнде жасалған. Тағанның төменгi 
бөлiгiнде қазақтың ою-өрнегi орналасқан.
     2. "АВЕРС" жағында күн және бүркiт орналасқан, айналасында оқиғаның 
ерекше салтанаттылығын бiлдiретiн лавр бұтақшасы бейнеленген.
     3. "РЕВЕРС" жағында қазақ және орыс тiлдерiнде:
    
           "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ 
          МЕМЛЕКЕТТIК БЕЙБIТШIЛIК ЖӘНЕ ПРОГРЕСС СЫЙЛЫҒЫНЫҢ
                            ЛАУРЕАТЫ"
     
                   "ЛАУРЕАТ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПРЕМИИ
                 МИРА И ПРОГРЕССА ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА
                       РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН"
     
     деген жазу орналасады.
     
                         ___________________
     
                                               Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметiнiң
                                                2002 жылғы 3 сәуiрдегі
                                                  N 396 қаулысымен
                                                     бекiтiлген
     
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк
                     бейбiтшiлiк және прогресс
                   сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң
                          СИПАТТАМАСЫ
     


      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң негiзi (бұдан әрi - Куәлiк) мөлшерi 190 х 65 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.
      2. Куәлiктiң сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, оның төменгi жағында алтын түстi "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК БЕЙБIТШIЛIК ЖӘНЕ ПРОГРЕСС СЫЙЛЫҒЫ ЛАУРЕАТЫНЫҢ КУӘЛIГІ" деген жазу орналасады.
      3. Куәлiктiң мәтiнi iшкi жағында көк бояумен трафареттiк тәсiлмен

басылады. Куәлiктiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң
жағында тиiсiнше орыс тiлiндегi мазмұны көрсетiледi.
     4. Куәлiктiң айқарма бетiнiң оң жағында Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады. Сол жағында - Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы 
лауреатының фотосуретi.
     
                      ______________________
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.