Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген мемлекеттік мекемелердің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 сәуір N 388

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жануарлар мен құстардың айрықша қатерлі аурулары жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық ветеринариялық зертхананы ұстауға әрі материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
      4. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 P000229_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты

есебінен қаржыландыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы 
органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының 
лимиттерінде:
     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлімде:
     "Жануарлар мен құстардың айрықша қатерлі аурулары жөніндегі 
Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік лабораториясы" "36" 
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Республикалық ветеринариялық зертхана" "84".
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.