Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 382

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіндегі реттік нөмірі 519-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі