"Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 наурыз N 378

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Соғыс жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


                        Соғыс жағдайы туралы



 
       Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар мен басқа да адамдардың), сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдары мен ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.
      Осы Заңның күшi соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi.
 
                         1-бөлiм. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) басқыншылық - шет мемлекеттің (топтың, мемлекеттер коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын немесе басқа қандай түрде болса да қарулы күштердi қолдануы;
      2) басқыншылық актiсi - соғыс жариялануына қарамастан, мынадай iс-қимылдардың кез келгенi:
      Қазақстан Республикасының аумағына шет мемлекеттер қарулы күштерiнің басып кiруi (шабуыл жасауы), Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлiгiн қарулы күштердi қолданып қалай да болса басып алуы;
      Қазақстан Республикасының аумағын бомбалауы немесе шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасына қарсы қандай да болса қару қолдануы;
      Қазақстан Республикасының порттарын немесе жағалауларын шет мемлекет Қарулы күштерiнiң қоршауы;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрлық, теңiз немесе әуе күштерiне немесе республиканың теңiз және әуе флоттарына шет мемлекеттер қарулы күштерiнiң шабуыл жасауы;
      келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мемлекеттердiң Қарулы күш қолдануы, келiсiмінде көзделген шартты бұзып немесе келiсiмнiң күшi аяқталғаннан кейiн олардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын жалғастыруы;
      басқа мемлекеттiң қарамағына берген оның аумағы, осы басқа мемлекеттiң Қазақстан Республикасына қарсы басқыншылық актiсiн жасау үшiн оны пайдалануға мүмкiндiк беретiн мемлекеттiң iс-қимылы;
      мемлекеттiң немесе мемлекет атынан айтарлықтай маңызды сипаты бар, Қазақстан Республикасына қарсы қарулы күштердi қолдану актiлерiн жүзеге асыратын қарулы бандаларды, топтарды және тұрақты күштердi немесе жалдамалыларды жiберу, бұл жоғарыда аталған актiлерге тең;
      Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздігiне қарсы бағытталған шет мемлекеттердiң өзге де iс-қимылдары, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес, басқыншылық болып саналатын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Қауiпсiздiк Кеңесi айқындаған актiлер;
      3) аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы (басып алуы);
      4) соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасының Президенті республиканың күллi аумағына немесе оның жекелеген жерлерiне енгiзетiн саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн ерекше құқықтық режим;
      5) әскери цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының әскери басқару органдарымен және мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен олардың талап етуi немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды немесе олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе тыйым салу мақсатында хабарлар мен материалдарды алдын ала келiсу, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жариялауды және әйгiлеудi болдырмау мақсатында жеке хат жазысуларды, телефон және радио сөйлесулердi бақылауды жүзеге асыру;
      6) әскери басқару органдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы, әскер түрлерiн, тектерiн және олардың құрылымдық бөлiмшелерiн басқару органдары;
      7) бейтараптау - басқыншылық жасаған мемлекеттердiң, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында болған азаматтарын арнаулы бөлiнген орындарға орналастырып ұстау және жайластыру;
      8) коменданттық сағат - жеке басын куәландыратын, оның қолданылу мерзiмi мен уақыты көрсетiлген арнайы берiлген рұқсаттамалар мен құжаттарсыз тұрғын үйден тысқары және белгiленген тәулiк уақытында елдi мекендер арасында араласуға тыйым салатын, қоғамдық тәртiптi күзету мен қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, барлау, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердiң жолын кесу мақсатында соғыс жағдайы кезiнде енгiзiлетiн шара;
      9) тiкелей сыртқы қауiпсiздiк қатерi - мемлекеттiк шекараға қол сұқпау және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатерi, сондай-ақ арнайы қызметтер мен шет мемлекеттер ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағытталған барлау, террорлық, диверсиялық және өзге де әрекеттерi.
 
      2-бап. Соғыс жағдайын енгізу мақсаты
 
      Соғыс жағдайын енгiзу мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы басқыншылыққа тойтарыс беру немесе болдырмау үшiн жағдай жасау болып табылады.
 
      3-бап. Соғыс жағдайының құқықтық негiздерi
 
      Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясы, халықаралық шарттары және республиканың өзге де мiндеттемелерi, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi соғыс жағдайының құқықтық негiздерi болып табылады.
 
      4-бап. Соғыс жағдайын енгiзу
 
      1. Қазақстан Республикасының күллi аумағына немесе оның жекелеген жерлерiне соғыс жағдайын енгiзу үшiн Қазақстан Республикасына қарсы басқыншылық немесе тiкелей оның қауiпсiздiгiне төнген сыртқы қатер негiз болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының күллi аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзiледi.
      3. Жалпы немесе iшiнара жұмылдыруды, егер ол бұрын жарияланбаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соғыс жағдайын енгiзген кезде Қазақстан Республикасының Президентi жариялайды.
      4. Соғыс жағдайын енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында:
      соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған жағдайлар;
      енгiзiлген шаралар және азаматтар мен басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулер тiзбесi;
      соғыс жағдайы енгiзiлетiн аймақтардың шекаралары;
      соғыс жағдайы режимiн орнату мен сақтау үшiн қатыстырылатын күштер мен құралдар;
      соғыс жағдайының қолданылуы басталатын уақыты айқындалады.
      5. Соғыс жағдайын енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар бойынша таратуға, сондай-ақ ресми жариялауға жатады.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Парламентiн соғыс жағдайының енгiзiлгенi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жарияланғаны туралы дереу хабардар етедi.
      7. Мемлекеттiң басқыншылыққа тойтарыс беруге дайындық тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
 
      5-бап. Соғыс жағдайы кезеңi
 
      1. Соғыс жағдайы кезеңi соғыс жағдайын енгiзген уақыттан басталады және соғыс жағдайын жойған уақыттан бастап аяқталады.
      2. Соғыс жағдайын қолдану кезеңiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағында аталған баптарда көзделген құқықтар мен бостандықтарды қоспағанда, азаматтар мен басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың қызметiн шектеу, сондай-ақ оларға осы Заңда белгiленген қосымша мiндеттер жүктеу қарастырылады.
      3. Соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде әскери басшылық органдарының өкiлеттiлiктерi кеңейтiледi, оларға қорғаныс және қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк билiк және басқару органдарының барлық функциясы ауысады.
      4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары соғыс жағдайын қолдану кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқыншылыққа тойтарыс беру үшiн қолданылады.
      5. Соғыс жағдайын қолдану кезеңiнде азаматтық және аумақтық қорғаныс шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
 
              2-бөлiм. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету
 
      6-бап. Соғыс жағдайы шаралары
 
      1. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасына қарсы басқыншылыққа немесе тiкелей оның қауiпсiздiгiне төнген сыртқы қатерге тойтарыс беру мен болдырмау үшiн жағдайлар жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, соғыс және өзге де шаралар кешенiн қамтиды.
      2. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта мынадай шаралар енгiзiлуi мүмкiн:
      1) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды, сондай-ақ республика экономикасын соғыс жағдайы талаптарында жұмыс iстеуге көшiру;
      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жұмылдырыла өрiстетiлуiн жүргiзу;
      3) Қарулы КҮштер мүддесiне тапсырмалар орындау, экономика мен халықтың тiршiлiк әрекетінің үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету үшiн арнайы құралымдар құру;
      4) азаматтық және аумақтық қорғаныс шараларын жүргiзу;
      5) мемлекеттiк резерв материалдық құралдарының қорын тарату және пайдалану;
      6) республикалық объектiлер бойынша - Қазақстан Республикасының Yкiметiмен, коммуналдық объектiлер бойынша - жергiлiктi атқарушы органдармен айқындалған тiзбеге сәйкес қоғамдық тәртiп, сондай-ақ мемлекеттiк және әскери объектiлердiң, халықтың тiршiлiк әрекетiн, көлiк пен коммуникацияның жұмысын қамтамасыз ететiн, адамдардың өмiрi, денсаулығы мен қоршаған табиғи орта үшiн жоғары қауiп төндiретiн объектiлердiң күзетiн күшейту;
      7) көлiк, коммуникация мен энергетика, сондай-ақ адамдардың өмiрi, денсаулығы мен қоршаған табиғи орта үшiн жоғары қауiп төндiретiн объектiлер жұмысының ерекше режимiн белгiлеу;
      8) халықты, шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени мақсаттағы объектiлердi эвакуациялау, сондай-ақ азаматтар мен басқа да адамдарды тұруға қауiптi аудандардан, оларға мiндеттi түрде уақытша немесе тұрақты тұру және орналасу үшiн тұрғын және тұрғын емес жайлар бере отырып басқа аудандарға уақытша көшiру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ұйымдардан, азаматтар мен басқа да адамдардан қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi мүлiктi, жер учаскелерiн, тұрғын үй және тұрғын үй емес үй-жайларды алу;
      10) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және одан шығудың айрықша режимiн белгiлеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ қозғалыс еркiндiгiн шектеу;
      11) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен ұйымдарды, азаматтарды және басқа да адамдарды қорғаныстық сипаттағы жұмыстарды орындауға, қарсыластардың қару қолдануының зардабын жоюға, зақымданған (бүлiнген) объектiлердi, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртпен, iндетпен, эпизоотиямен күреске қатысуға тарту;
      12) соғыс жағдайы енгiзiлген жерлерде келу орны мен тұрғылықты жерiн таңдауға тыйым салу мен шектеулердi белгiлеу;
      13) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, ереуiлдер, көтерiлiстер мен ұйымдардың қызметiн тоқтатудың өзге де түрлерiн өткiзуге тыйым салу немесе шектеу;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiз бойынша коменданттық сағат орнату және әскери басқару органдары мен мемлекеттiк органдарға азаматтар мен басқа да адамдардың құжаттарын тексерудi жүзеге асыруға, оларға жеке тексеру жүргiзуге, заттарын, тұрғын үйi мен көлiгiн тексеруге, сондай-ақ азаматтарды, басқа да адамдар мен көлiк құралдарын ұстауды жүзеге асыруға құқық беру;
      15) қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш және улы заттар сатуға тыйым салуды белгiлеу, құрамында есiрткілік және күштi әсер ететiн заттары, алкогольдiк өнiмдерi бар дәрілік құралдар мен медициналық препараттар айналымының айрықша режимiн орнату;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен азаматтар мен басқа да адамдардан, ұйымдардан қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш, улы және радиоактивтi заттарды, жауынгерлiк және оқу-жаттығу әскери техникасын алу;
      17) баспахананың, есептеу орталықтары мен автоматтандырылған жүйелердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына бақылау орнату, оларды қорғаныс мұқтажына пайдалану, сондай-ақ олардың қызметiн шектеу;
      18) әскери цензура енгiзу;
      19) жалпы танылған халықаралық құқық принциптерi мен нормаларына сәйкес басқыншылық жасаған шет мемлекеттiң (мемлекеттердiң) азаматтарын тұтқынға алу;
      20) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығуына тыйым салу немесе шектеу;
      21) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн күшейтуге бағытталған қосымша шараларды енгiзу;
      22) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де шаралар.
      3. Мемлекеттiң қорғаныс мүддесiндегi қажеттiгiн, сондай-ақ халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшiн қажеттi өнiмдер өндiру, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында соғыс жағдайын енгiзген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен экономика және қаржы қызметiн, тауарлар (қызмет көрсетулер) мен қаржы көздерiн еркiн ауыстыруды, ақпарат iздеудi, алуды, берудi, жасауды және таратуды жүзеге асыруды уақытша шектеулерге байланысты шаралар енгiзiлуi мүмкiн, банкротқа ұшырау рәсiмдерiнiң тәртiбi мен шарттары, еңбек қызметiнiң режимi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күллi аумағындағы сияқты жекелеген жерлерiнде де қаржы, салық, кеден және банк жүйелерінің жұмыс iстеу ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.
      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген соғыс жағдайы шараларын жүзеге асыруды регламенттейтiн қажеттi заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актiлерi соғыс жағдайының әрекет ету кезеңiндегiдей, оның енгiзiлу кезеңiнде де қабылдануы мүмкiн.
 
      7-бап. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери
             құралымдарды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды соғыс жағдайын
             қамтамасыз етуге қатыстыру
 
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша соғыс жағдайын қамтамасыз етуге мынадай негiзгi мiндеттердi орындау үшiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қатыстырылады:
      1) соғыс жағдайы енгiзiлген аумаққа кiрудiң және осы аумақтан шығудың айрықша режимiн сақтау, сондай-ақ ол жердегi қозғалыс еркiндiгiн шектеу;
      2) тұрғындарды құтқару мен көшiруге, апаттық-құтқару және басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын жұмыстарда, санитарлық-эпидемияға қарсы, эпизоотияға қарсы және басқа да шараларға қатысу;
      3) мемлекеттiк және әскери объектілердi, халықтың тiршiлiк әрекетiн, көлiк пен коммуникацияның жұмысын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға жоғары қауiп төндiретiн объектiлердi күзету;
      4) қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi күзету, соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;
      5) құқық қорғау органдары мен әскери басқару органдарында осы қызметтердiң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн бұзуға бағытталғандығы туралы нақты мәлiметтер болуына қатысты заңсыз қарулы құралымдардың, террористер мен диверсанттардың, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, шетелдiк және халықаралық ұйымдардың қызметiн тоқтату.
      2. Соғыс жағдайы шараларын қамтамасыз етуге қатыстырылатын мемлекеттiк органдардың, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      8-бап. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету кезiнде қару,
             жауынгерлiк техника, арнайы құралдар, сондай-ақ күш қолдану
 
      1. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшiн тартылған әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды, жауынгерлiк техниканы, арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға, қолдануға, сондай-ақ күш көрсетуге құқық берiледi.
      Көрсетiлген адамдар, егер келтiрiлген залал қоғамдық қауiпсiздiк сипаты мен дәрежесiне сәйкес болса, күш көрсетудi, арнайы құралдарды, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолданумен байланысты келтiрген залалы үшiн жауапкершілікте болмайды.
      2. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету үшiн тартылған әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң күш көрсетудi, арнайы құралдарды, қаруды немесе жауынгерлiк техниканы мынадай жағдайларда:
      1) азаматтар мен басқа да адамдардың мемлекеттiк және әскери объектiлерге шабуылын көрсету үшiн;
      2) әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, сондай-ақ азаматтар мен басқа да адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн қарсылықтардың жолын кесу үшiн;
      3) өздерiнде атыс және суық қару, оқ-дәрiлер, жарылғыш, химиялық немесе улы заттар болған адамдарды ұстау үшiн, егер олар:
      қылмыс жасау үстiнде ұсталса;
      әскери қызметшiлердiң немесе мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамаса;
      әскери қызметшiлер мен мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне, олардың өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына кедергi келтiрсе;
      4) күзетiлетiн объектiлер мен әскерлердiң орналасқан жерлерiне заңсыз кiруге жасалған әрекеттердiң жолын кесу үшiн;
      5) тұтқындарды, басып алынған күзетiлетiн объектілердi, ғимараттарды,

 

көлiк құралдары мен жүктердi азат ету үшiн, сондай-ақ жаппай

тәртiпсiздiктер мен топтасқан қоғамдық тәртiп бұзушылықтардың жолын кесу

үшiн;

     6) жүргiзушiсi заңды талаптарды орындамаған көлiк құралын тоқтату

үшiн;

     7) дабыл немесе көмек шақыру сигналын беру үшiн;

     8) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес өзге де

жағдайларда қолдануға құқылы.

     3. Күштi, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы

өкiлеттілігiн асыра қолдану заңда белгiленген жауапкершілікке апарып

соқтырады.


     3-бөлiм. Соғыс жағдайы кезеңiндегi Қазақстан Республикасы

              Президентiнiң, Үкiметiнiң өкiлеттілігi


     9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкілеттілігi


     1. Қазақстан Республикасының Президентi соғыс жағдайы кезеңiнде:

     1) соғыс жағдайын қамтамасыз етудi ұйымдастыруға жалпы басшылық

жасауды жүзеге асырады;

     2) мемлекеттiк органдардың келiсiп жұмыс iстеуiн және өзара

iс-қимылын қамтамасыз етедi;


 
       3) соғыс жағдайы шаралары енгiзiлген аумақта оның қолданылу тәртiбiн, сондай-ақ осы шараларды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк органдардың өкiлеттілігiн бекiтедi;
      4) соғыс жағдайының мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
      5) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес соғыс уақытының мемлекеттiк бюджетiн қабылдайды және ол туралы шұғыл түрде Қазақстан Республикасының Парламентiне ақпарат бередi;
      6) Қарулы Күштер мен мемлекеттiк органдарды соғыс жағдайын қамтамасыз етуге тарту тәртiбiн белгілейдi және осы Заңға сәйкес олардың мiндеттерiн айқындайды;
      7) жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер, ереуілдер, көтерiлiстер өткiзуге, сондай-ақ ұйымдардың қызметiн тоқтатудың өзге де түрлерiне тыйым салуды немесе шектеудi белгiлейдi;
      8) әскери қызмет өткеру ерекшелiктерiн айқындайды;
      9) Қазақстан Республикасының басқыншылық жасаған мемлекетпен (топпен, мемлекеттер коалициясымен) жасалған халықаралық шарттарын қысқарту (қолданысын тоқтату) үшiн Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынады;
      10) көлiк, коммуникация мен энергетика, сондай-ақ адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға зор қатер төндiретiн объектiлер жұмысының айрықша режимiн белгiлейдi;
      11) қорғаныс және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар құрады;
      12) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша республика Үкiметiнiң құрылымы мен құрамын белгiлейдi, сондай-ақ соғыс жағдайының қолданылу кезеңiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер мен орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      2. Соғыс жағдайының қолданылу кезеңiнде Қазақстан Республикасының Президентi оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттіліктердi жүзеге асырады.
 
      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттiлiгi
 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi соғыс жағдайы кезеңiнде:
      1) соғыс жағдайын қамтамасыз ету жөнiндегi атқарушы билiк органдары мен ұйымдардың жұмысына басшылық жасайды;
      2) мемлекеттiк органдардың, Қарулы Күштердiң, ұйымдардың, азаматтардың және басқа да адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдардың мемлекет тапсырмасын (тапсырыстарын) орындауға шарт (келiсiм-шарт) жасасу, сондай-ақ бұдан бұрын жасалған шарттардың қолданысын тоқтату тәртiбiн айқындайды;
      4) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң мұқтаждықтарын қаржыландыру тәртiбiн айқындайды, соғыс уақытындағы республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      6) мемлекеттiң соғыс жағдайын қолдану кезеңiнде ұйымдарға, азаматтарға және басқа да адамдарға олардың меншiгiн алумен байланысты келтiрiлген залалдың орнын толтыру тәртiбiн айқындайды;
      7) басқыншылық жасаған мемлекетпен (топпен, мемлекеттер

 

коалициясымен) жасалған халықаралық шарттарды қысқарту (қолданысын

тоқтату) үшiн өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Парламентiне

ұсынады;

     8) азаматтық және аумақтық қорғанысты басқарады.

     2. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi соғыс жағдайының

қолданылу кезеңiнде өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен және

Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актiлерiмен жүктелген өзге де

өкiлеттіліктердi жүзеге асырады.


     4-бөлiм. Соғыс жағдайы кезеңiндегi азаматтардың және басқа да

              тұлғалардың, ұйымдардың мiндеттерi


     11-бап. Соғыс жағдайы кезеңiндегi азаматтардың және басқа да

             тұлғалардың мiндеттерi



 
       1. Азаматтар және басқа да тұлғалар Конституцияның, республиканың халықаралық шарттары мен өзге де мiндеттемелерiнiң, осы Заңның және соғыс жағдайы мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын орындауға мiндеттi.
      2. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта тұратын азаматтар мен басқа да тұлғалар:
      1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының талаптарын орындауға және оларға жәрдем көрсетуге;
      2) шақыру бойынша көрсетiлген адамдар тұратын аумақтағы әскери басқару органдарына және мемлекеттiк органдарға келуге;
      3) мемлекеттiк органдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан алынған жолдама қағаздарда, шақыру қағаздарында және өкiмдерде жазылған Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарды орындауға;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қорғаныстық сипаттағы жұмыстарға, қарсыластардың қару қолдануының зардабын жоюға, зақымданған (бүлiнген) объектiлердi, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртпен, iндетпен, эпизоотиямен күреске қатысуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн қажеттi өздерiнiң меншiгiндегi мүлiктi ұсынуға;
      6) оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
 
      12-бап. Соғыс жағдайы кезеңiндегi ұйымдардың мiндеттерi
 
      1. Соғыс жағдайы енгiзiлген аумақта тұратын ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын орындауы және оларға көмек көрсетуге мiндеттi.
      2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңiнде:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерiнiң меншiгiнде

 

тұрған, қорғаныс мұқтажы үшiн қажетті мүлiктi ұсынуға;

     2) бiрiншi кезекте жасалған шарттар (келiсiм-шарттар) негiзiнде

Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

мақсатында мемлекет тапсырмасын (тапсырысын) орындауға;

     3) оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де

мiндеттердi орындауға мiндеттi.


     13-бап. Соғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының

             заңнамасын орындамағандығы үшiн жауапкершiлiк


     Заңды және жеке тұлғалар, олар соғыс жағдайы туралы заңнаманы бұзған

жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.


                 5-бөлiм. Қорытынды ережелер


     14-бап. Халықаралық құқықтық мiндеттемелердi орындау



 
       Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайы енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасының Президентi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысынан және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын республиканың мiндеттемелерiне сәйкес шаралар қабылдайды.
 
      15-бап. Соғыс жағдайын жою
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе оның жекелеген жерлерiндегi соғыс жағдайын, оны енгiзу үшiн негiз болған оқиғалар тоқтатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Президентi жояды.
      2. Соғыс жағдайы режимiн қамтамасыз ету үшiн қабылданған және

 

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарын

уақытша шектеуге байланысты нормативтiк құқықтық актiлер тек соғыс жағдайы

енгiзiлген мерзiмде ғана қолданылады және заңнамада белгiленген тәртiппен

жоюға жатады.

     3. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға

жатады.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.