Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 29 наурыз N 371.

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешектердің проблемасын шешу

жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999

жылғы 28 желтоқсандағы N 2005 


P992005_


  қаулысына (Қазақстан

Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 572-құжат) мынадай өзгерістер

енгізілсін:

     1) 1-тармақта:

     бірінші абзацтағы ", оның ішінде халықаралық ұйымдардың" деген сөздер

алынып тасталсын;

     Шетелдік ұйымдардың алдындағы берешек мәселелері жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:


Павлов                         - Қазақстан Республикасы

Александр Сергеевич              Премьер-Министрінің орынбасары -

                                 Қазақстан Республикасы

                                 Қаржы министрі, төраға;


Елекеев                        - Қазақстан Республикасының

Ирак Қасымұлы                    Әділет вице-министрі,

                                 төрағаның орынбасары;

Ыдырысов                       - Қазақстан Республикасының

Ерлан Әбілфайызұлы               Сыртқы істер бірінші вице-министрі;

Тұяқбаев                       - Қазақстан Республикасының

Руслан Шеризатұлы                Көлік және коммуникациялар

                                 вице-министрі;



 
       көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Белоруков Николай

 

Васильевич, Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы, Зверьков Вадим Павлович шығарылсын;

     2) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік ұйымдардың алдындағы

берешек мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереженің "1.

Жалпы ережелер" деген бөлімде ", оның ішінде халықаралық ұйымдардың" деген

сөздер алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.