Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 28 наурыз N 362.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1441 P991441_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 443-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртiбiнде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кiрiстер мен шығыстар сметаларын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi.";
      8-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң "Ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат" деген ағымдағы шотын ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.";
      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486 P000486_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет

министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi 
iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта:
     2-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен" деген сөздер "бюджеттік 
бағдарламалардың әкімшісі бекіткен" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
   
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.