"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 27 наурыз N 361

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 U000395_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.
      2. Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      4. Алматы қаласының әкіміне кейін Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығына беру үшін Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасы бірлескен қызмет иттері питомнигінің коммуналдық меншіктегі мүлкін республикалық меншікке белгіленген тәртіппен беру ұсынылсын.
      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының шекті штаттық санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 қазандағы N 1018-74 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:
     "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы 
ұйымдар" деген жолдағы "28839" деген сан "28489" деген санмен ауыстырылсын;
     "Емханалық орталық госпиталь" - "591" деген жолдан кейін мынадай 
мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Кинологиялық орталық" - "75"
     "Жиыны" деген жолдағы "84653" деген сан "84595" деген санмен 
ауыстырылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.