Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 наурыз N 343.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесінде реттік нөмірі 517-7-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы N 1 P000001_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 2-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және 
спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде реттік 
нөмірлері 9, 12-жолдар алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.