2002 жылғы 11-12 сәуiрде Астана қаласында Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң Қауiпсiздiк кеңестері Хатшылары комитетiнiң мәжiлiсiн дайындау және өткiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 19 наурыз N 339

Қолданыстағы
      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң Қауiпсiздiк кеңестерi Хатшылары комитетiнiң мәжiлiсiн өткiзуге дайындықты ұйымдастыру мен үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң Қауiпсiздiк кеңестерi Хатшылары комитетiнiң мәжiлiсiн дайындау және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Астана қаласының әкiмi, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша) Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2002 жылға

арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша 
көзделген қаражат есебiнен iс-шараларды, оның iшiнде делегациялар 
басшыларының тұруын 2260830 теңге сомасында қаржыландыруды қамтамасыз 
етсiн.
     4. Жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы 
iстер министрлiгiне жүктелсiн.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                                  Қазақстан Республикасы
                                                        Yкiметiнiң
                                                  2002 жылғы 19 наурыздағы
                                                      N 339 қаулысымен
                                                         бекітілген

        Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң 
      Қауiпсiздiк кеңестері Хатшылары Комитетiнiң мәжiлiсiн дайындау 
                      және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар
                                  ЖОСПАРЫ
                  (Астана қаласы, 2002 жылғы 11-12 сәуiр)
___________________________________________________________________________
р/с          Iс-шаралар              Орындалу      Жауапты орындаушылар
 N                                    мерзімі
___________________________________________________________________________
1   Ұжымдық қауiпсiздiк туралы       2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 
    шартқа қатысушы мемлекеттердiң   1 сәуірге   Сыртқы iстер министрлiгi,
    Қауiпсiздiк кеңестерi Хатшылары     дейін    Қазақстан Республикасы
    Комитетiнiң мәжiлiсiн өткiзу                 Қауiпсiздiк кеңесiнiң
    бағдарламасын дайындау                       Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша) 
     
2   Делегациялар құрамын келiсу,     2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 
    мәжiлiске қатысушылардың келу    10 сәуiрге  Сыртқы iстер министрлiгi,
    және кету кестесiн жасау           дейiн     Қазақстан Республикасы
                                                 Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                                                 Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша)
     
3   Мәжiлiстi дайындау және өткiзу   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    жөнiндегi iс-шараларды қаржы.    1 сәуiрге   Сыртқы iстер министрлiгi
    ландыру мәселелерiн шешу           дейін 

4   Бұқаралық ақпарат құралдары      2002 жылғы  Қазақстан Республикасы
    өкiлдерiмен жұмысты ұйымдастыру  10-12 сәуiр Президентінің Баспасөз
                                                 қызметi (келiсiм бойынша),
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Мәдениет, ақпарат және    
                                                 қоғамдық келiсiм          
                                                 министрлігі

5   Ресми делегацияларды Астана      2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    қаласының әуежайында VIР-залы    10-12 сәуiр Сыртқы iстер министрлiгi,
    арқылы қарсы алуды және шығарып              Қазақстан Республикасы
    салуды ұйымдастыру                           Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                                                 Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасының Көлiк және
                                                 коммуникациялар           
                                                 министрлiгi, Астана
                                                 қаласының әкiмi, Қазақстан
                                                 Республикасы Мемлекеттiк  
                                                 кiрiс министрлiгiнiң      
                                                 Кеден комитетi, Қазақстан 
                                                 Республикасы Ұлттық
                                                 қауiпсiздiк комитетiнiң   
                                                 Шекара қызметi (келiсiм   
                                                 бойынша)
     
6   Кездесуге қатысушы мемлекеттер    -//-       Қазақстан Республикасының 
    делегацияларының арнайы ұшақтар.             Көлiк және коммуникациялар
    мен Қазақстан Республикасының                министрлiгi, Қазақстан
    аумағы арқылы ұшып өтуiн                     Республикасының Ұлттық
    қамтамасыз ету                               қауiпсiздiк комитетi      
                                                 (келiсiм бойынша),        
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Сыртқы iстер министрлiгi, 
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Қорғаныс министрлiгi

7   Арнайы ұшақтардың тұрағын,         -//-      Қазақстан Республикасының
    оларға қызмет көрсетудi және                 Көлiк және коммуникациялар
    жанармай құюды қамтамасыз ету                министрлiгi

8   Делегацияларға көлiктiк қызмет     -//-      Қазақстан Республикасы
    көрсету                                      Президентiнiң Iс          
                                                 басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасының Сыртқы
                                                 iстер министрлiгi

9   Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн        -//-      Қазақстан Республикасының 
    қамтамасыз ету, делегациялардың              Ішкi iстер министрлiгi
    жол жүру бағыттары бойынша 
    Қазақстан Республикасы Iшкi 
    iстер министрлiгiнiң Жол 
    полициясы басқармасы 
    машиналарының iлесiп жүруi  

10  Әуежайда, жол жүру бағыттары     2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 
    бойынша, iс-шараларды өткiзетiн  10-12 сәуiр Ұлттық қауiпсiздiк        
    және тынығу орындарында                      комитетi (келiсiм 
    (бағдарлама бойынша) делегация.              бойынша), Қазақстан
    лардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз              Республикасының Ішкi iстер
    ету                                          министрлiгі

11  Ресми делегациялардың мүшелерi     -//-      Қазақстан Республикасы
    және олармен бiрге жүретiн                   Президентiнiң Iс 
    адамдарға медициналық қызмет                 басқармасы (келiсiм
    көрсету                                      бойынша)

12  Делегацияларды орналастыруды       -//-      Қазақстан Республикасының
    және тамақтандыруды ұйымдастыру              Сыртқы iстер министрлiгi, 
                                                 Қазақстан Республикасы    
                                                 Президентiнiң Іс
                                                 басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша), Астана          
                                                 қаласының әкiмi

13  Кездесулер өтетiн залды            -//-      Қазақстан Республикасының
    техникалық жабдықтау (мемлекет.              Сыртқы iстер министрлiгi,
    тiк жалаулар, үстелге қойылатын              Қазақстан Республикасы
    көрсеткiш тақтайшалар мен                    Қауiпсiздiк кеңесiнiң
    жалаушалар, гүлдер, микрофондар)             Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасы              
                                                 Президентiнiң Iс          
                                                 басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша)

14  Ұжымдық Қауiпсiздiк кеңесi         -//-      Қазақстан Республикасының
    Хатшылығының бөлмесiн жабдықтау              Сыртқы iстер министрлiгi,
    (ұйымдастыру техникасымен,                   Қазақстан Республикасы
    телефон байланысымен, кеңсе                  Президентiнiң Iс
    бұйымдарымен жарақтандыру)                   басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасы Қауiпсiздiк
                                                 кеңесiнiң Хатшылығы       
                                                 (келiсiм бойынша)

15  Делегациялар мүшелерiне, бiрге   2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    жүретiн адамдарға, баспасөз және 10 сәуiрге  Сыртқы iстер министрлiгi,
    күзет қызметiне бэйдждер жасау      дейiн    Қазақстан Республикасы    
                                                 Президентiнiң Iс
                                                 басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша)

16  Делегациялардың басшылары мен      -//-      Қазақстан Республикасының
    мүшелерi үшiн сыйлықтар                      Сыртқы iстер министрлiгi,
    жиынтығын, сондай-ақ бағдарлама.             Қазақстан Республикасы 
    лар және басқа да баспа                      Президентiнiң Іс
    бұйымдарын дайындау                          басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша)

17  Залда отырғызудың схемасын       2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    дайындау                         10 сәуiрге  Сыртқы iстер министрлiгi,
                                       дейiн     Қазақстан Республикасы    
                                                 Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                                                 Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша)

18   Бұқаралық ақпарат құралдарында  2002 жылғы  Қазақстан Республикасы  
     жария ету (шақыру, тiркеу,         10-12    Сыртқы iстер министрлiгi, 
     баспасөз орталығын жабдықтау      сәуірге   Қазақстан Республикасы   
     теле-радио компанияларының         дейін    Президентінің Баспасөз
     операторлары мен жеке баспасөзi.            қызметі (келiсiм бойынша),
     нiң өкiлдерiн залдағы пулдар                Қазақстан Республикасының 
     бойынша орналастыру                         Мәдениет, ақпарат және 
                                                 қоғамдық келiсiм          
                                                 министрлiгi

19   Делегациялар басшыларының       2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 
     қатысуымен баспасөз мәслихатын   12 сәуiр   Сыртқы iстер министрлiгi, 
     өткiзу                                      Қазақстан Республикасының
                                                 Мәдениет, ақпарат және
                                                 қоғамдық келiсiм          
                                                 министрлiгi

20   Делегациялар басшыларының         -//-      Қазақстан Республикасы
     Қазақстан Республикасы                      Президентiнiң Протокол    
     Президентiмен кездесуiн                     қызметi (келiсiм бойынша),
     ұйымдастыру                                 Қазақстан Республикасы    
                                                 Президентiнiң Iс          
                                                 басқармасы (келiсiм       
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасының Сыртқы
                                                 iстер министрлiгi,        
                                                 Қазақстан Республикасы    
                                                 Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                                                 Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша) 
     
21  Қазақстан Республикасы           2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    Президентінің делегациялар       10 сәуірге  Сыртқы iстер министрлiгi, 
    басшыларымен кездесуіне            дейін     Қазақстан Республикасы    
    арналған тезистерді дайындау                 Қауiпсiздiк кеңесiнiң
                                                 Хатшылығы (келiсiм        
                                                 бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасы Президентiнiң
                                                 Баспасөз қызметi (келiсiм 
                                                 бойынша)

22  Президенттiң Ұлттық қауiпсiздiк  2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi - 10 сәуiрге  Сыртқы iстер министрлiгi
    Қазақстан Республикасы Ұлттық      дейін     (жинау), Қазақстан
    қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы                Республикасы Қауiпсiздiк 
    М.М.Тәжин үшін мәжiлiстiң күн                кеңесiнiң Хатшылығы 
    тәртiбi бойынша тезистер мен                 (келiсiм бойынша),
    анықтамалық талдау материалдарын             Қазақстан Республикасының
    дайындау                                     Ішкi iстер министрлiгi,
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Қорғаныс министрлiгi,     
                                                 Қазақстан Республикасының 
                                                 Ұлттық қауiпсiздiк
                                                 комитетi (келiсiм         
                                                 бойынша), Қазақстан
                                                 Республикасы Мемлекеттiк  
                                                 кiрiс министрлiгiнiң      
                                                 Кеден комитетi, Қазақстан 
                                                 Республикасының Көшi-қон
                                                 және демография жөнiндегi 
                                                 агенттiгi

23  Президенттiң Ұлттық қауiпсiздiк  2002 жылғы  Қазақстан Республикасының 
    мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi -  11 сәуiр   Сыртқы iстер министрлiгi,
    Қазақстан Республикасы Ұлттық                Қазақстан Республикасы
    қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы                Президентiнiң Іс 
    М.М.Тәжиннiң атынан қабылдау                 басқармасы (келiсiм 
    ұйымдастыру                                  бойынша), Қазақстан       
                                                 Республикасы Қауiпсiздiк
                                                 кеңесiнiң Хатшылығы       
                                                 (келiсiм бойынша)

24  Делегациялардың ортақ суретке    2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    түсуiн ұйымдастыру                12 сәуір   Сыртқы iстер министрлiгi,
                                                 Қазақстан Республикасы 
                                                 Президентiнiң Протокол
                                                 қызметi (келiсiм бойынша) 

25  Делегациялар мүшелерi үшiн       2002 жылғы  Қазақстан Республикасының
    мәдени бағдарлама әзiрлеу және     10-12     Мәдениет, ақпарат және
    ұйымдастыру                        сәуір     қоғамдық келiсiм          
                                                 министрлiгi, Қазақстан    
                                                 Республикасы Қауiпсiздiк  
                                                 кеңесiнiң Хатшылығы
                                                 (келiсiм бойынша), Астана 
                                                 қаласының әкiмi
___________________________________________________________________________
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.