Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 P020310_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық
компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.