Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 наурыз N 311

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің "Картография" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының өндірісі, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді құрастыру, сақтау және пайдалану болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
      4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі

агенттігі" деген бөлімде реттік нөмірі 112-жол алынып тасталсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбекоа Б.А.