1. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүліктiк кешенiнен магистральдық темiр жол желiсi шығарылсын.
2. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қосу жолымен мемлекеттiң 100% акциялар пакетiмен "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
3. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi магистральдық темiр жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру, магистральдық темiр жол желiсiнiң операторы және тасымалдаушысы функцияларын орындау деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталын, соның iшiнде оған 2-қосымшаға сәйкес
акционерлiк қоғамдардың акциялар пакеттерiн беру жолымен қалыптастыруды; 2) магистральдық темiр жол желiсiн Қоғамның иеленуiне және пайдалануына берудi; 3) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның мемлекеттік тіркелуін; 4) 3-қосымшаға сәйкес құрамда Қоғамның директорлар кеңесін сайлауды; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына 1-қосымша "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi 1. "Жолаушылар тасымалы" ЕМК. 2. "Инфрақұрылым" ЕМК. 3. "Локомотив" ЕМК. 4. "Темiржолмашжөндеу" ЕМК. 5. "Локомотивжөндеу" ЕМК. 6. "Вагонжөндеу" ЕМК. 7. "Темiржолсужылужабдықтау" ЕМК. 8. "Жүк тасымалы" ЕМК. 9. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi бiрiншi мемлекеттiк компания" ЕМК. 10."Вагон паркiн басқару жөнiндегi екiншi мемлекеттiк компания" ЕМК. 11. "Вагон паркiн басқару жөнiндегi үшiншi мемлекеттiк компания" ЕМК. 12. "Қазкөлiксервис" ЕМК. 13. "Хромтау - Алтынсарин" темiр жол желiсiнiң құрылысы және оны уақытша пайдалану жөнiндегi дирекциясы" ЕМК. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына 2-қосымша Акцияларының пакеттері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі 1. "Жолжөндеу" ААҚ. 2. "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ. 3. "Теміржолмүлік" ААҚ. 4. "Жол жөндеуші" ААҚ. 5. "Көлік сервисі орталығы" ААҚ. 6. "Кеденкөліксервис" ЖАҚ. 7. "Көліктелеком" ААҚ.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына 3-қосымша
"Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
жабық акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
Құсайынов Әбiлғазы Қалиәкпарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Рақымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi; Шнейдмюллер Владимир Викторович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті. <*> Ескерту. Құрам толықтырылды - ҚР үКіметінің 2002.03.15. N 313 қаулысымен. P020313_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-27-жолмен толықтырылсын:
"21-27 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-12-жолмен толықтырылсын: "160-12 "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 3. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны мен "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 9 қаңтардағы N 11 P020011_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.