Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 наурыз N 304 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 102 (2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
     2-тармақта:
     Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық және басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу мәселелері бойынша конкурс (тендер) өткізу жөніндегі комиссия құрамына:
     Құлмұханов Шалбай Құлмұханұлы - Алматы облысының әкімі енгізілсін;
     көрсетілген құрамнан Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі