Қазақстан Республикасы Президентінiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығын iске асыру жөніндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 наурыз N 297

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 U010735_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Экономика және сауда министрлiгі Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының Стратегиялық жоспары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар) негiзiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) қажеттiлігіне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгі

қажеттiлiгiне қарай Стратегиялық жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар 
енгiзу жөнiндегі ұсыныстарын жыл сайын 20 ақпанға Қазақстан 
Республикасының Yкiметiне енгізсін.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.