Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен келісілген 2002 жылы "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі республикалық комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
4. "2001-2002 жылдарда республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 157 P010157_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 48-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2001-2002 жылдар кезеңінде
республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің
тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жолдағы "Орындалу мерзімі" деген бағандағы "2001"
деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын.
5. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 2002 жылға арналған жергілікті
бюджетте жоғарыда аталған іс-шараны өткізуге қажетті қаражатты көздеу
ұсынылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
N 288 қаулысына
қосымша
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына
дайындық және оны өткізу жөніндегі
республикалық комиссияның
Құрамы
Беркімбаева - Қазақстан Республикасының
Шәмша Көпбайқызы Білім және ғылым министрі,
төрайым
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрі,
төрайымның орынбасары
Қасқабасов - Қазақстан Республикасының
Сейіт Асқарұлы Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының директоры
Ахметов Зәки - Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
академигі (келісім бойынша)
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасының
Мырзатай Білім және ғылым министрлігі
Л. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры
Сыздықова - Қазақстан Республикасы
Рабиға Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі
(келісім бойынша)
Метте - Шығыс Қазақстан облысының
Виталий Леонидович әкімі
Тілеухан - Қазақстан Республикасының
Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Мәдениет комитетінің төрағасы
Есдәулет - Қазақстан Республикасының
Ұлықбек Оразбайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің сектор меңгерушісі
Әзібаева - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Уәлиқызы Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты қолжазбалар
және текстология орталығының
жетекшісі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 наурыздағы
N 288 қаулысымен
бекітілген
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" эпосының 1500 жылдығына
дайындық және оны өткізу жөніндегі
іс-шаралардың
Жоспары
---------------------------------------------------------------------------
р/с! Іс-шара ! Орындау ! Орындауға жауаптылар
N ! ! мерзімі !
---------------------------------------------------------------------------
1 Эпостың академиялық басылымын 2002 ж. Қазақстан Республикасының
және ғылыми зерттеулер Мәдениет, ақпарат және
жинағын шығару қоғамдық келісім министрлігі
2 Мерейтойлық іс-шараларды 2002 ж. Қазақстан Республикасының
бұқаралық ақпарат құралдарында Мәдениет, ақпарат және
кеңінен жариялау қоғамдық келісім министрлігі
3 "Қозы Көрпеш - Баян сұлу және 2002 ж. Қазақстан Республикасының
түркі әлемі" республикалық Білім және ғылым министрлігі
конференциясын өткізу
4 Оқу орындарында, кітапханаларда 2002 ж. Қазақстан Республикасының
эпостың 1500 жылдығына арналған Білім және ғылым
ғылыми-практикалық конференция. министрлігі, Мәдениет,
лар, тақырыптық кештер әзірлеу ақпарат және қоғамдық
және ұйымдастыру келісім министрлігі
5 Эпостың 1500 жылдығына арналған 2002 ж. Шығыс Қазақстан облысының
мерейтойлық салтанаттар өткізу әкімі
6 Тарлаулы ауылында "Қозы Көрпеш 2002 ж. Шығыс Қазақстан облысының
- Баян Сұлу" ескерткішін әкімі
қалпына келтіру жөніндегі
жаңғырту жұмыстарын жүргізу
7 Таңсық станциясынан "Қозы Көрпеш 2002 ж. Шығыс Қазақстан облысының
- Баян Сұлу" ескерткішіне әкімі
дейін асфальт жол салу
8 Тарлаулы ауылында қонақ үй, 2002 ж. Шығыс Қазақстан облысының
көпір салу және электро- әкімі
коммуникация жүргізу
---------------------------------------------------------------------------
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.