1. "Катко" қазақстан-француз-швейцар бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - "Катко" БК) "Катко" БК мен "КОЖЕМА" ядролық материалдар жөніндегі бас компаниясы" акционерлік қоғамы (Француз Республикасы) арасындағы 2001 жылғы 12 қарашадағы N А/0060/КАТ/UN уран концентратын сатып алу келiсiм-шартының талаптарына сәйкес 300000 кг U мөлшеріндегі табиғи уранның тотық-шала тотық түріндегі уран концентратын (СЭҚ ТН коды 2844 10 390) экспорттауға рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен "Катко" БК-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уран өнімін Қазақстан Республикасынан экспорттауға лицензиялар берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген өнімді кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетіне жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.